Карл Густав Эмиль Маннергейм
Карл Густав Эмиль Маннергейм | |
өңдеу |
Маннергейм Карл Густав Эмиль (Mannerheim, Carl Gustaf (Emil)) (4 маусым, 1867 жыл, Вильняс, Финляндия — 27 қаңтар 1951 жыл, Лозанна, Швейцария), финн мемлекеттік әскери қайраткер, Финляндия президенті (1944-46).[1].
Орыс империялық әскерінің тамаша офицері (1889-1917), Финн азаматтық соғысында большевик күшіне қарсы төтеп берді (1918), кеңес әскерлеріне тойтарыс берді.
Жаңа республика жарияланғанша Финляндияның регенті лауазымын (1918—19) атқарды. Ұлттық қорғаныс кеңесінің төрағасы лауазымын атқарып жүргенде (1931—39) Карель мойнағы арқылы Маннергейм фортификациялық жолының салынуын қадағалады.
Финн әскерінің бас қолбасшысы (1939-40, 1941-44) ретінде КЕҢЕС-ФИНЛЯНДИЯ СОҒЫСЫНДА (1939-40) кеңестік басым күшке қарсы сәтті әскери әрекеттер жүргізді. 1944 жылы Финн республикасының президенті болды, Кеңес Үкіметімен бейбітшілік келісімге келді.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]<references>
- ↑ "Britannica настольная энциклопедия"ТомI,АСТ-Астрель, Москва, 2006,ISBN 978-5-17-038532-4(Т.1) (АСТ),ISBN 978-5-271-15120-0 (Т.1) (Астрель)