Кафель

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Кафель[1] (немісше Kachel) – күйдірілген балшықтан глазурьлеп (кейде глазурьсіз) жасалып, пештің сыртын, ас бөлме қабырғасын, еденді, тағы басқа әсемдеу үшін қолданылатын бұйым. Глазурьленген кафель санитарлық-гигиеналық талаптарға толық сай келеді – аз кірлейді, тез тазартылады. Кафельдің изразец деп аталатын түрі Ресейде 10 ғасырдан, ал күйдірілген жылтыр қыш тақталар Орта Азияда 14 ғасырдан бері қолданылып келеді. Кафель жақсы иленетін фаянстық балшықтан жасалады. Кафельдің үстіңгі беті жылтыр, рельефті, ақ немесе түрлі түсті әшекейленеді. Астыңғы беті берік жапсырылуы үшін бедерлі жасалады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том