Калатея
Калатея | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Калатея
| ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
Malus domestica |
Өсімдік туралы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Калатея– маранттар тұқымдасына жататын шөптесін өсімдік. Отаны – ылғалды тропикалық Оңтүстік Америка аймақтары. Бойы 70-80 см. Жапырақтары ірі, сопақша келген, ұзындығы 30-40см. Сабағының ұзындығы түрлеріне қарай 20см-ден 60см-ге дейін болады. Жапырағы бірден топырақтан өсіп шығып тұрған сабақ басында орналасады. Калатеяның әдемі жапырақтысының саны, гүлдейтін калатеяларға қарағанда өте көп. Гүлдейтін калатеялардың ішінде шафранды калатеяның гүлі керемет ашық қызғылт сары түсті, бірақ жапырақтары әдемі жапырақты калатеяларға қарағанда әрсіздеу болады. Әдемі жапырақты калатеялардың жапырақтары аты айтып тұрғандай өте әдемі, тауыстың қауырсыны немесе ертегідегі құстың түсі секілді түрлі-түсті болып келеді. Жапырақтары жылтыр, түкті және қағаз сияқтыларыда бар.
Жарығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Алакөлеңкеде, жарықта өседі. Жарық жетісіспесе жапырақтарының әдемі түстері түссізденіп кетеді. Бірақ тіке түскен күн сәулесінен сақтау қажет.
Жылуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жылуды жақсы көреді. Қыста 18-20 °C төмен түспегені абзал.
Суғарылуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көктем-жаз айларында жиірек, қыста топырағын құрғатыңқырап барып суғарып тұру қажет.
Ылғалдылығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жоғары ылғалдылықты қажет етеді.
Қоректендірілуі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көктем, жаз айларында әдемі жапырақты өсімдіктерге арналған тыңайтқышпен 14-15 күнде бір рет қоректендіреді. Шафранды калатеяны ғана гүлдейтін өсімдіктерге арналған тыңайтқышпен қоректендіреді.
Аурулары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Азынақ жел өтінен сақтау қажет. Дұрыс баптамаған кезде жапырақтары сарғайып, ширатылып, оратылып, дақтар пайда болып өзгеріске ұшырауы мүмкін. Оның себебі, артық не жеткіліксіз суғарылуы, күннің тік түскен сәулесі күйдіріп жіберуі, ауадағы ылғалдылықтың жетіспеуінен т.с.с.
Көбейтілуі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ең оңай жолы түбін бөлу арқылы көбейту.
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт Мұрағатталған 20 ақпанның 2012 жылы.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Жемістер: Дидактикалық материал. - Алматы, 2011. - 16 б;ISBN 978-601-7237-31-8
Бұл мақаланың сәйкес санаты қойылмаған. |