Кируна
Кируна – Швеция қаласы. Лапланд провинциясының солтүстігінде орналасқан. Коммунамен аттас басты қала.
Шығу тегі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қаланың атауы саамс сөзі шыққан, Giron «ақ құс» деген мағынаны білдіреді. Сонымен қатар бұл құс Кируна елтаңбасында алхимиялық темір белгісімен бірге бейнеленген. Бұл қаладағы тау-кен өндірісінің белгісі.
Географиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қала мәртебесін 1948 жылы алған. Поляр шеңберінен 145 шақырым қашықтықта жатқан Кируна 30-шы мамырдан 15-ші шілдегі дейін поляр күн зонасында болып, ал поляр түні желтоқсан - қаңтар айларында болады.
Экономикасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кируна мемлекеттегі ірі темір өндірісінің ошағы болып табылады. Бұл қала маңына жақын орналасқан ірі темір руда кеңімен байланысты.
Көрікті жерлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қалада түгелдей дерлік мұздан жасалған және әр жыл сайын қайта жаңартылып отыратын қонақ үй бар.
Кируна шірекуі – Швециядағы көне ірі құрылыс ошақтарының бірі. Нысан готикалық стильде ал алтарь, модерн стильінде тұрғызылған. Кируна шіркеуі – Швецияның (Епархия Лулео) солтүстігіндегі Кируна қаласындағы ежелгі шіркеу. 1909-1912 жылдар аралығында сәулетші Густав Викманның жобасы бойынша бой көтерген. Шіркеу швед ұлттық - романтикалық сәулетінің керемет үлгісі саналады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|