Кинескоп

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Кинескоп' - телевизиялық қабылдағыш түтік – телевизиялық кескін көрсетуге арналған электронды-сәулелік түтік. Ақ-қара түсті кинескоп та электронды сәуле люминесценциялық экранға түсіп, оны беріліп жатқан кескін сигналына байланысты жолма-жол және кадр бойынша жарықтандырады. Түрлі түсті Кинескопта бұл мақсат үшін 3 электронды сәулені пайдаланады. Олар мозаикалық немесе штрихтық экранның люминофорын бір түспен – қызыл, жасыл немесе көк түспен жарықтандырады. Біртүсті 3 кескінді беттестіру нәтижесінде қорытынды түрлі түс алынады. Тұрмыстағы теледидарларда әдетте, экранының диогональ өлшемі 16-дан 72 см-ге дейінгі Кинескоп қолданылады (Кинескоп тереңдігі диогональ өлшемімен шамалас). 20 ғ-дың 80-жылдарынан бастап тереңдігі аз, беті жалпақ кинескоп құрастыру қолға алынды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы