Киликия
Киликия – Кіші Азияның оңт.-шығысындағы, Түркия мемлекетіне қарайтын ежелгі аймақ. Таулы Киликия (“Ызғарлы” Киликия) және ойпатты Киликия (“Жазық” Киликия) болып екіге бөлінеді. Б.з.б. 2-мыңжылдықта бұл өңір Хетт патшалығының құрамында болды, кейін б.з.б. 12 – 6 ғ-ларда бірнеше тәуелсіз мемлекеттер өмір сүрді. Киликия атауы алғаш рет ассирия жазуларында “Hіlakku” түрінде аталады. Киликия жері б.з.б. 6 ғ-дан бастап Ахемен әулеті билеген парсылардың қол астында болды, б.з.б. 333 ж. А.Македонский жаулап алып, б.з.б. 297 – 190 ж. Селевки әулетінің қол астында болды. Б.з.б. 102 ж. бұл өңірді Рим империясы жаулап алып, б.з. 200 ж. шамасында екі провинцияға бөлді. Орта ғасырларда Киликия аймағы Византия, араб мемлекеттері, салжұқтар билігіне кезек-кезек өтумен болды. 1080 – 1375 ж. осы өңірде Киликия армян мемлекеті өмір сүріп, Византия мен салжұқтарға қарсы үздіксіз соғыс жүргізді. 1375 ж. бұл мемлекетті Мысыр мәмлүктері жаулап алды. 1515 ж. Киликияны түріктер иеленді.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |