Гипоксантин
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Гипоксантин (ағылш. hypoxanthine) - пуриндік негіздердің аэробтық жағдайда ыдырауы нәтижесінде түзілетін органикалық зат.
- Хим. формуласы = C5H4N4O
- Моляр. массасы 136.112 г/моль.
Адениннің дезаминденуінің немесе инозиннің гидролизінің нәтижесінде түзіледі. Қыша жəне бөрібұршақ өсімдіктерінің дəндерінен бөлініп алып зерттелген. Өсімдіктер мен жануарлар жасушаларында нуклеин қышқылдарының құрамында болады (негізінен т-РНҚ құрамында). Құрамында екі макроэргтік байланысы бар инозинүшфосфор қышқылының (ИҮФ) азаттық негізі гипоксантин болып табылады. Организмде гипоксантин ксантиноксидаза ферментінің қатысуымен алғаш ксантинге, содан кейін несеп қышқылына дейін ыдырайды.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі