ГЛОНАСС

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
ГЛОНАСС
Түрлі навигациялық жүйелердің орбиталарын салыстыру

Глобальдық навигациялық жер серіктік жүйесі (ГЛОНА́СС)[1] — кеңестік/ресейлік жүйе КСРО Қорғаныс министрлігінің талабы бойынша әзірленген спутниктік навигация жүйесі. Бүгінде екі ғаламдық белсенді спутниктік навигация жүйелердің бірі[2] (Қытайдың Бэйдоу спутниктік навигация жүйесі қазіргі уақытта өңірде ғана жұмыс істейді).

Екіншісі америкалық NAVSTAR GPS жүйесі NAVigation System with Time And Ranging Global-Positioning System (арақашықтық пен уақытты анықтаудың навигациялық жүйесі, позициондау глобальды жүйесі). Бұл жағдайда «позициондау» деген сөзді координаттарды анықтау деу керек. Екі жүйе де әскери есептерді шешуге арналған, бірақ соңғы кезде геодезияда кеңінен пайдалануда. Координата өсімшелерін өте жоғары дәлдікпен, яғни орташа квадраттық қателігі 5 мм+D106 дәлдікпен, ал жеке қабылдағыш координаталарын 10 м ден 100 м-ге дейінгі орташа квадраттық қателікпен анықтайды. Геодезиялық өлшеулерде GPS (позициондау глобальды жүйесі) кеңінен қолданыс тапқандықтан әрі қарай осы жүйеге жан-жақты тоқталамыз.

Тұрған жердің орнын анықтаудың барлық жер серіктік навигациялық жүйесін үш сегментке бөлуге болады: Ғарыштық сегмент; бақылау және басқару сегменті, пайдаланушылар (жер серіктік сигналды қабылдағыш) сегменті. Қазіргі кездегі NAVSTAR GPS және ГЛОНАСС жүйелерінің толық комплектісіне 21 жұмыстағы және 3 запастағы жер серіктері кіреді. Жер серіктерінің орбиталары іс жүзінде дөңгелек және үш орбиталық жазықтыктарда, ал NAVSTAR жүйесі алты орбиталық жазықтықтарда орналасқан. Жер серіктері оның барлық жүйесін оның ішінде, жер серіктің жердің көленкесінде болған кезінде де энергиямен қамтамасыз ететін күн.

Жер серіктерінің орбиталары дөңгелек және 20180 км геодезиялық биіктіктерде Жер орталығынан 26600 км орналасқан. Жер серіктерінің осы саны және олардың орналасулары сигналды бір уақытта Жер шарының кез-келген бөлігіне де кем дегенде төрт жер серігінен қабылдауды қамтамасыз етеді. Барлық жер серіктері алты орбиталық жазықтықта біркелкі орналасқан. Жер серіктерінің айналу кезеңдері жұлдыздар уақытының 12 сағатын құрады, соған байланысты әр жер серігі күн сайын бір жерде өткен күнгі уақыттан 4 минут ерте пайда болады.[3]

Түсініктемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]