Владимир Александрович Фок

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Владимир Александрович Фок
Туған күні

10 желтоқсан 1898 (1898-12-10)

Туған жері

Петербург

Қайтыс болған күні

27 желтоқсан 1974 (1974-12-27) (76 жас)

Қайтыс болған жері

Ленинград

Азаматтығы

 КСРО

Ғылыми аясы

физикка

Марапаттары


4 рет Ленин орденімен және басқа орден, медальдармен марапатталған.

Владимир Александрович Фок - совет физигі, КСРО Ғалымдар Академиясының академигі, Соцалистік Еңбек Ері.

Қызмет жолы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Петроград университетін бітірген. 1919-1923 және 1928-1941 ж. Мемлекеттік оптика институтында, 1924-1936 ж. Ленинград физика-техникалық институтында, 1934-1941 және 1944-1953 жылдары КСРО Ғалымдар Академиясының Физика институтында қызмет істеді. 1932 жылдан Ленинград университетінің профессоры. 1954-1964 ж. КСРО Ғалымдар Академиясының физикалық мәселелері институтында қызмет етті. Фоктың негәзгә ғылыми еңбектері кванттық механикаға, кванттық электродимикаға, жарық дифракциясы теориясына, радиотолқындардың таралуына, жалпы салыстырмалық теориясына, математикаға, математикалық физикаға, ал оның алғашқы еңбектері тұтас орта механикасы мен теориялық оптикаға арналған.

Лениндік және КСРО мемлекет сыйлығының лауреаты.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1978 ж. 11 том