Васко да Гама (көпір)
Васко да Гама көпірі (порт. Ponte Vasco da Gama) — Лиссабон қаласында Тежу өзенінің бойында орналасқан, Еуропадағы ең ұзын көпір.[1]
Жалпы анықтама
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Васко да Гама көпірінің ұзындығы – 12,3 шақырым. Оның су бетіндегі ұзындығы – 10 шақырым, ал жуандығы – 31 метр, биіктігі – 47 метр.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Васко да Гама көпірінің құрылысы 1995 жылы ақпан айында басталды. Бұл сол кезде Лиссабон қаласындағы жалғыз көпірдің көлік кептелісінен құтылу мақсатында салынған. Сонымен қатар екі жақты автомагистральді біріктіру негізінде жүзеге асты. Мұндай көпірдің бой көтеруіне 3300 жұмысшы қатысқан. Оған 1,1 миллиард АҚШ доллары жұмсалған.
Қызықты деректер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көпір атақты португалдық зерттеуші Васко да Гама есімімен аталған. Себебі көпір ашылған күні саяхатшы Еуропа мен Үндістан теңіз жолына ашқандығына 500 жыл толған еді. Васко да Гама көпірі 250 шақырымдық желге төтеп бере алатындай етіп жасалған. Және де 4,5 балдық жер сілкінісіне оңай шыдап бере алады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Васко да Гама көпірі жайлы қызықты деректер
- www.civilium.net Мұрағатталған 17 наурыздың 2007 жылы. (порт.)
- Portal das Nações Discover the Ponte Vasco da Gama (исп.)
- BBC көпірдіӊ ашылуы жайлы (ағылшынша.)
- Bridge Pros profile
- Flickr photos of bridge
- [https://web.archive.org/web/20120313233006/http://www.factoriaurbana.com/ciudades/puentes.php?id=9&ciudadd=Lisboa Мұрағатталған 13 наурыздың 2012 жылы. Graphic and tec