Ван Го-Вэй

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ван Го-Вэй, Ван Цзинь-ан (3.12.1877, Қытай, Чжецзян провинциясы, Хайнин уезі — 2.6.1927, Пекин) — қытай ғалымы, тарихшы және филолог. 1901 жылы Шанхай университетінің шығыс әдебиеті факультетін бітіріп, сонда философия, социология пәндерінен сабақ берді. 1916 жылдан Шанхайда шығатын “Ғылым” журналының редакторы қызметін атқарды. Ежелгі қытай жазбаларын зерттеумен шұғылданды. Қытай тарихы, деректану жөнінде бірқатар еңбек жазды. Моңғолдардың тарихын және олардың Қытаймен қарым-қатынасын зерттеді. Түркі тайпалары туралы ертеде жазылған қытай деректеріне және Орталық Азияда болған қытай саяхатшыларының естеліктеріне ғылыми түсініктемелер жасады. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том