Виктор Михайлович Чернов
Виктор Михайлович Чернов (19-шы қараша 1873 жыл, Хвалынск, Саратовск губерниясы, – 15-ші сәуір 1952 жыл, Нью-Йорк) – орыс саяси қайраткері, эсер 80 жылдардың аяғында Саратовта халықшылдар қозғалысына қатысты. 1901-ші жылы М.Р.Гоцпен бірге эсерлердің шетелдік ұйымын және 1902-ші жылы эсерлер партиясының органы болған «Революционная Россия» газетін басқарды. Эсерлердің агрессивті мәселелері жөніндегі бас теоретигі. 1904-ші жылы партияның программасын жазды, ол эсерлер партиясының 1906-шы жылы қаңтарда өткен 1-ші сьезінде қабылданды. Сонда ОК мүшелігіне сайланып, партияның «центристерін» басқарды. Эсер партиясының басшысы бола журсе де, Черновты оның басқа басшылары қолдамады. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарынан бастап оңшыл позицияны ұстады. Ол марксизмді Ресейде қолдануға болмайды деп тапты. Ч.Циммервальд және Кинталь конференцияларына қатысты. 1917-ші жылы мамыр-тамызда уақытша үкіметтің егіншілік министрі. Помещиктердің жерін басып алушы шаруалармен күрес жүргізді. Құрылтай жиналысының (5 (18) қантар 1918 жыл) председателі, 1918-ші жылдың жазында Уфадағы Құрылтай жиналысы мүшелерінің комитетін басқарды. Поволжьдегі контррев бүліншілікті ұйымдастыруға қатысты. 1920-шы жылдан Франция мен Чехослаовакияда эмиграцияда болды. Кеңес өкіметіне қарсы үгіт жүргізді. 20 жылдарда «конструктивті социалисзм» деген реформистік теория ойлап шығарды. Екінші дүниежүзілік соғыс (1939–1945) кезінде Қарсыласу қозғалысына қатысты, содан кейін АҚШ-на кетті.
Ерте жылдар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Виктор Михайлович Чернов 1873-ші жылы Саратов губерниясының Хвалынск қаласында дүниеге келген. Әкесі Михаил Николаевич Чернов уездік қазынашы, анасы Анна Николаевна Булатова татар дворян отбасынан шыққан. Отбасы алдымен Новоузенскіде, кейін Саратов, Хвалынск, Камышин қалаларында тұрды. 1875-ші жылы анасы қайтыс болғаннан кейін Виктор мен оның әпкелері өгей шешесінің тәрбиесінде болды. Ол бос уақытының бәрін Еділ бойында қаңғыбастардың арасында өткізетін.
1882-ші жылы Виктор бірінші Саратов гимназиясының дайындық сыныбына оқуға түсіп, келесі жылы бірінші сыныпқа қабылдау емтихандарын сәтті тапсырды. Гимназияда оқып жүргенде Чернов демократиялық ойдың жетістіктеріне – Н.А.Добролюбовтың, Н.Г.Чернышевскийдің және халықшылдық идеологы Н.К.Михайловскийдің шығармашылығына қосылды. Саратов революциялық қозғалыстың негізгі орталықтарының бірі болып саналды. 1884-ші жылы Виктордың үлкен ағасы Владимир заңсыз әдебиет сақтағаны үшін қамауға алынып, гимназиядан шығарылды. Гимназияда оқып жүрген жылдары Чернов бірқатар сенімсіз адамдармен - бұрынғы жер аударылған В.А.Балмашевпен (С.В.Балмашевтың әкесі), халықшыл М.А.Натансонмен және халық қалаулысы А.В.Сазоновпен кездесті. 1890-шы жылы Чернов Сазоновтың пәтерін тінту кезінде тұтқындалды. Осыдан кейін күдікке ілініп, арнайы бақылауға алынған. Әкесінің өтініші бойынша 1891-ші жылы Саратов гимназиясынан шығарылып, Дерптқа оқуға жіберіледі.
Еңбектері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]«Кеңестік-революционердің естелігі» (1 том, Берлин М.П.1922 жыл) және «Дауыл алдында»(Нью-Йорк, 1953 жыл) мемуарларының авторы.
Қолданылған әдебиет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 109 бет