Бұрым

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Бұрымәйелдердің өрілген ұзын шашы. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымында өрілген ұзын бұрым сұлулықтың сәні саналған. Оған шашбау тағып, айырықша күтімге алған. Бұрым жалғыз және қос өрім болады. Шашты қырқып кеспей, тобығына дейін жеткізе өсіру — бойжеткеннің сымбатын асыратын сәні болған. Шаштың қоюлығы мен сұйықтығына қарай бұрым да үлкен және кіші болып келеді. Жуан бұрымды жеңді білектей, қос бұрымды тау басынан құлаған бұлақтай деп, ерекше мадақтаған. Бұрым өсіруге қыздар жас кезінен айырықша көңіл бөлген. Шешесі, жеңгесі немесе құрбы қыздары өруге көмектесткен. Сол өрімге маржан, күміс шашбау тағып безендірген.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2