Байғыз
Байғыз | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Athene noctua (Scopoli, 1769) | ||||||||||||||
Байғыз ареалы
| ||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||
Carine noctua |
Байғыз (лат. Athene noctua) — жапалақтәрізділер отрядына жататын Нақтылы жапалақ тұқымдасы Байғыздар туысының құсы.
Таралуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-шығысынан басқа жерлердің бәрінде мекендейді, әсіресе, Үстіртте, Маңғыстауда, Арал, Балқаш жағалауында, Қаратауда, Алтайда жиі кездеседі. Республикамызда байғыздан басқа, орман байғызы (Aegolius funereus), байғызша (Glaucidium passerinum) деген түрлері бар.
Биологиялық сипаты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Байғыздың қоразы қанатының ұзындығы 153—172 мм, салмағы 154—157 г, мекиенінің денесі ірілеу, қанатының ұзындығы 157—175 мм, салмағы 195—260 граммдай болады. Арқасы қоңыр теңбілді, бауыры ақшыл тарғыл, тұмсығы сүйір, имекті келеді. Жарқабақтардағы індер мен жартастағы үңгірлерге ұя жасап, оған 4—6 ақ жұмыртқа салады.[1] Оны мекиені бір айға жуық басады, балапандарын 35—40 күнде ұядан ұшырады.
Қорегі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Байғыз — отырықшы құс. Олар майда кеміргіштермен, торғай тәрізді құстармен, ұсақ жәндіктермен қоректенетіндіктен, ауыл шаруашылығына пайда келтіреді. Алайда қазақ халқының дәстүрлі ұғымында байғыздың шақыруы жаман ырымға баланып, бұл құсқа қатысты әр түрлі аңыздар пайда болған.[2][3]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007
- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;
- ↑ "Ордабасы": Энциклопедия.- Шымкент:"Ордабасы".2008.