Биіктікті өлшейтін радио

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Ұшақ кабинасындағы Биіктікті өлшейтін радио көрсеткіші

Биіктікті өлшейтін радио — қашыктықты өлшеудің радиотехникалық әдісімен ұшақтар мен басқа да ұшу аппараттарының ұшу биіктігін неғұрлым толық анықтауға арналған арнайы радиолокациялық аппарат. Биіктікті өлшейтін радио өткізгіш, қабылдағыш, антенна, биіктік көрсеткіштен тұрады. Биіктікті өлшейтін радиолардың карқынды және модульденген жиілікті деп аталатын негізгі екі түрі бар. Қарқынды биіктікті өлшейтін радио жоғары биіктікті анықтау үшін қолданылады. Төмендеу биіктіісті олшеу үшін модульді жиілігі бар биіктікті өлшейтін радио колданылады, ол 2 м-ге дейінгі дәлдікпен 1500 метрге дейінгі ұшу биіктігін өлшеуге мүмкіндік береді және ұшақтарды аспаптармен қондыру үшін колданылады. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы:"Мектеп" ААҚ , 2001