Беймәлім ұшқыш нысан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
1952 жылдың 31 шілдесінде АҚШ-тағы қабылданған Нью-Джерси қаласында түсірілген БҰН суреті

Беймәлім ұшқыш нысан немесе БҰН (ағылш. unidentified flying object, or UFO) — ең жалпы анықтамасы бойынша, белгілі нысан немесе құбылыс ретінде анықталмаған, аспанның кез келген айқын аномалиясы болып табылады.

Әдетте, БҰН-ға байланысты өзге ғаламшарлардың тұрғындары немесе жатпланеталықтар деген ұғым тұспалданады. Бірақ көбіне дәлелдемелерінің төмен сапасына орай (бейресми дәлелдер және куәгер сөздері) бұл пайымдаулар мүмкін емес деп саналады.

Беймәлім ұшатын нысандарын зерттеуші ғылымды уфология, яғни ғалымдарын - уфологтар деп атайды.

Белгісіз ұшатын нысандар туралы алғашқы ресми деректер ІІІ Тутмос мысыр фараонының (б.з.б. 1486 - 1425 ж.) тарихи жылнамаларында жазылған[1]. Қазіргі заманның қоғамында алғашқы рет кең таралғаны - АҚШ-тағы Нью-Мексико штатындағы Розуэлл қаласының маңында 1947 жылдың маусым айында болған Розуэллдегі оқиға (ағылш. Roswell UFO incident) туралы мәлімет[2][3].

Интернетте аспан кеңістігінде еркін қалықтаған табақшаны ұялы телефондарының камерасына түсір үлгергендер де жетерлік. Бірақ олар ақиқатында жат планеталықтардың ұшатын табақшасы екенінің дәлелі жоқ. Осы саланы зерттеп, түрлі мақалалар жазып жүрген журналист Төреғали Тәшенов бізге көрініп жүрген ұшатын табақшалардың 50 пайызы адам қолымен жасалғанын айтады.


Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Reader’s Digest,Mysteries of the Unexplained,207-209,1985, ISBN=0276380037
  2. United States Air Force (Col. Richard L. Weaver, USAF; 1st LT. James McAndrew, USAFR), The Roswell Report: Fact versus Fiction in the New Mexico Desert (1995)  (ағыл.)
  3. B.D. Gildenberg. «A Roswell Requiem». Skeptic 10-1 (2003).