АҚШ Әділет министрлігі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
АҚШ Әділет министрлігі
United States Department of Justice
АҚШ Әділет министрлігінің мөрі
АҚШ Әділет министрлігінің туы
Роберт Кеннеди Билдинг — министрліктің штаб-пәтері
Жалпы мағлұмат
Құрылған уақыты 1 шілде 1870
Мекемені басқарады АҚШ үкіметі
Жоғарыда тұрған мекеме АҚШ жоғарғы федералдық мемлекеттік органдары
Штаб-пәтері Вашингтон, АҚШ
Pennsylvania Avenue 950, NW
38°53′36″ с. е. 77°01′30″ б. б. / 38.89333° с. е. 77.02500° б. б. / 38.89333; -77.02500 (G) (O) (Я)
Қызметкерлер саны 113 543 (2012)
Жылдық бюджеті 27,1 млрд. $ (2013)[1]
АҚШ Бас прокуроры Меррик Гарланд
Ресми сайты
justice.gov

Құрама Штаттардың Әділет министрлігі (ағылш. United States Department of Justice, Justice Department) — заңдарды орындауды және сот төрелігін жүзеге асыруды қамтамасыз етуге арналған АҚШ федералдық үкіметінің бөлімшесі. Ішкі істер және әділет министрліктерінің эквиваленті, сондай-ақ басқа елдердегі прокуратураның баламасы. АҚШ Бас прокурорымен басқарылады.

Бастапқыда АҚШ-та орталық заң ведомствосы болған жоқ. Бас прокурор жалғыз жұмыс істеді, оған бағынышты бюрократиялық құрылым болған жоқ. 1867 жылы Уильям Лоуренс басқарған АҚШ Конгресінің заң комиссиясы «әділет департаментін» құру қажеттілігі туралы қорытындыға келді. 1868 жыл 19 ақпан Конгреске тиісті заң жобасы енгізілді, алайда қабылданбады. Томас Дженкес 1870 жылдың ақпанында Өкілдер палатасы мен Сенат қабылдаған басқа заң жобасын ұсынды. 1872 жылы жаңа ведомствоға түрмелердің басқаруы берілді, ал уақыт өте келе оның функциялары айтарлықтай өсіп, кеңейді.

Басшы лауазымдар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Бас прокурорының кеңсесі (Office of the Attorney General)
  • Бас прокурор орынбасарының кеңсесі (Office of the Deputy Attorney General)
  • Бас прокурор көмекшісінің кеңсесі (Office of the Associate Attorney General)
  • Бас солиситор кеңсесі (Office of the Solicitor General)

Бөлімшелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Монополияға қарсы (ағылш. United States Department of Justice Antitrust Division)
  • Азаматтық (ағылш. United States Department of Justice Civil Division)
  • Азаматтық құқықтардың (ағылш. United States Department of Justice Civil Rights Division)
  • Қылмыстық (ағылш. United States Department of Justice Criminal Division)
  • Қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың (ағылш. United States Department of Justice Environment and Natural Resources Division — ENRD)
  • Басқаруның (ағылш. United States Department of Justice Justice Management Division — JMD)
  • Ұлттық қауіпсіздіктің (ағылш. United States Department of Justice National Security Division — NSD)
  • Салықтардың (ағылш. United States Department of Justice Tax Division)

Құқық қорғау органдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Басқармалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Иммиграцияны қадағалау жөніндегі атқарушы басқармасы (ағылш. Executive Office for Immigration Review — EOIR)
  • АҚШ прокурорларының атқарушы басқармасы (ағылш. Executive Office for U.S. Attorneys — EOUSA)
  • Банкроттық туралы істердегі АҚШ федералдық басқарушылардың атқарушы Бюросы (ағылш. Executive Office of the United States Trustee — EOUST)
  • Кадрлар басқармасы (ағылш. Office of Attorney Recruitment and Management)
  • Ақпарат жөніндегі бас офицер басқармасы — баспасөз хатшы (ағылш. Office of the Chief Information Officer)
  • Дауларды шешу басқармасы (ағылш. Office of Dispute Resolution)
  • Федералдық алдын ала қамау орындарының қамқоршы қызметі (ағылш. Office of the Federal Detention Trustee)
  • Иммиграция мәселелері бойынша сот талқылаулары басқармасы (ағылш. Office of Immigration Litigation)
  • Барлау істері жөніндегі басқармасы (ағылш. Office of Intelligence Policy and Review — OIPR)
  • Үкіметаралық және қоғамдық байланыстар басқармасы (ағылш. Office of Intergovernmental and Public Liaison) (слилось с Управлением по вопросам законодательства 12 апреля 2012 года)
  • Сот төрелігі бағдарламаларын басқармасы (ағылш. Office of Justice Programs — OJP)
    • Сот төрелігіне жәрдемдесу бюросы (ағылш. Bureau of Justice Assistance)
    • Сот статистикасының бюросы (ағылш. Bureau of Justice Statistics)
    • Қылмыстылықтың алдын алуға байланысты, халықпен жұмыс бөлімі (ағылш. Community Capacity Development Office)
    • Сот төрелігінің ұлттық институты (ағылш. National Institute of Justice)
    • Қылмыстық сот төрелігінің ұлттық анықтамалық қызметі (ағылш. National Criminal Justice Reference Service — OJP))
    • Кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігі және құқық бұзушылықтың алдын алу бөлімі (ағылш. Office of Juvenile Justice and Delinquency Prevention)
    • Жыныстық қылмыс жасаған адамдарды жазалау, бақылау, ұстау, тіркеу және қадағалау бөлімі (ағылш. Office of Sex Offender Sentencing, Monitoring, Apprehending, Registering, and Tracking — SMART)
    • Қылмыс құрбандарының істері жөніндегі бөлім (ағылш. Office for Victims of Crime)
  • Құқық тәртібі саласындағы полиция корпусы және кәсіптік білім беру басқармасы (ағылш. Office of the Police Corps and Law Enforcement Education)
  • Заң кеңесші қызметі (ағылш. Office of Legal Counsel — OLC)
  • АҚШ Бас прокурорының арнайы кеңесшісі басқармасы (ағылш. Office of Special Counsel)
  • Құқықтық саясат басқармасы (ағылш. Office of Legal Policy — OLP)
  • Заңнама мәселелері жөніндегі басқарма (ағылш. Office of Legislative Affairs)
  • Кешірім жасау мәселелері жөніндегі прокурор басқармасы (ағылш. Office of the Pardon Attorney)
  • Жеке өмірді қорғау және азаматтық еркіндікті қорғау туралы заңдарды орындау жөніндегі басқарма (ағылш. Office of Privacy and Civil Liberties  — OPCL)
  • Кәсіби жауапкершілік басқармасы (ағылш. Office of Professional Responsibility — OPR)
  • Қоғаммен байланыс басқармасы (ағылш. Office of Public Affairs)
  • Балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа және қылмыстарға қарсы күрес басқармасы (ағылш. Office on Sexual Violence and Crimes against Children)
  • Үнді тайпаларының резервациясы орындарында әділет басқармасы (ағылш. Office of Tribal Justice)
  • Әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық туралы істер жөніндегі басқармасы (ағылш. Office on Violence Against Women)
  • Кәсіби жауапкершілік мәселелері бойынша кеңес беру қызметі (ағылш. Professional Responsibility Advisory Office — PRAO)
  • АҚШ прокурорларының кеңсесі (ағылш. United States Attorneys Offices)
  • АҚШ федералдық басқарушыларының кеңсесі (ағылш. United States Trustees Offices)
  • Құқық тәртібін қорғаудағы халық пен полицияның өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі басқарма (ағылш. Office of Community Oriented Policing Services — COPS)
  • Қауымдағы өзара қарым-қатынас мәселелері жөніндегі басқарма (ағылш. Community Relations Service)
  • Сот төрелігіне қолжетімділікті қамтамасыз ету басқармасы (ағылш. Office for Access to Justice)

Басқа мекемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Шет мемлекеттердің талаптарын реттеу жөніндегі комиссия (ағылш. Foreign Claims Settlement Commission of the United States)
  • Интерпол, АҚШ ұлттық орта бюросы
  • Шартты-мерзімінен бұрын босату жөніндегі АҚШ комиссиясы (ағылш. U.S. Parole Commission)
  • Түзеу мекемелерінің ұлттық институты (ағылш. National Institute of Corrections)
  • Сот-медициналық сараптама жөніндегі ұлттық комиссия (ағылш. National Commission on Forensic Science — NCFS)

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

АҚШ Бас прокуроры

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]