Аюбадам
Аюбадам | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||
30 түрі белгілі |
Аюбадам немесе Ырғай (лат. Sambucus) – байсаттар тұқымдасына жататын көбіне бұталы өсімдіктер, кейде талдар тегі. Қоңыржай және субтропиктік аймақтарда өсетін 40-қа жуық түрі белгілі. Қазақстанда 2 түрі бар, оның біреуі мәдени түрде өсіріледі. Алтай, Тарбағатай, Арқат тауының қарағайлы және аралас ормандарының ішінде, өзен бойларында, таудың терістік беткейлерінде – Сібір аюбадамы (S. sіbіrіca) кездеседі. Қызғылт сұр қабықты. Жапырақтары біз тәрізді. Ұсақ гүлдері ақшыл жасыл немесе сары түсті, қос жынысты, сыпыртқы гүлшоғырына топталған. Аналық мойны қысқа, аталығы одан екі еседей қысқа. Тұқымы, атпа тамырлары, өркені, ал мәдени түрлері қалемше арқылы көбейеді. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, шілде – тамызда жемістенеді. Жемісі 2 – 4 сүйегі бар ұсақ, жалған алма. Аюбадамды халық медицинасында тер шығаратын, іш жүргізетін дәрі ретінде пайдаланады. Жемісі мен тұқымында май бар. Гүлдеген кезінде ара бал жинайды. Әсемдік өсімдік ретінде, тұрғын үйлерді көгалдандыру және топырақ қорғау үшін өсіріледі.[1]
Биіктігі 60-150 см, маусым айында гүлдейді, гүлі ақ, тек астынғы беті ғана қызғылт. Жемісі - сүйекті жидек, шілде-тамыз айларында пісіп жетіледі. Аюбадам - улы өсімдік, оны мал жемейді. Жапырақ құрамында алкалоид заттар бар. Еуропада, Кіші Азияда, Монғолияда, Кореяда таралған. Ресейдің Еуропа бөлігінде, Батыс және Шығыс Сібірде, Қиыр Шығыста 11 түрі өседі. Қазақстан таулы аймақтарда, көбінесе Алтайда, Тарбағатайда кездеседі. Халық медицинасында аюбадамның гүлшоғырын, жемісін, сабақ қабығын терлеу және іш жүргізу үшін қолданады. Бірақ бұл өсімдікті шикідей пайдалануға болмайды, ол құстырады және іш өткізеді. Гүл шырыны - бал арасына жақсы қорек. Әсемдік ретінде бақтар мен парктерде өсіретін көптеген түрі бар.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу] Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Sambucus |
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- [1](қолжетпейтін сілтеме)