Арналдо да Брешиа

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Брешиадағы Арналдо да Брешиаға ескерткіш, мүсінші - Одоардо Табакки

Арналдо да Брешиа (итал. Arnaldo da Brescia; 1100ж.ш. - 18.06.1155) — Италияның шіркеу реформаторы.

Брешияда туылып, жастық шағында бірнеше жыл Францияда өткізген. Сол жерде өз заманындағы атақты философ Пьер Абелярдың шәкірті болды. Брешиаға қайтып оралғаннаң соң священник бола тұра епископқа қарсы шыққан. Осы әрекеттері үшін 1139 жылы лауазымынан айрылып, Италиядан қуылған.

Францияға барып, Арналдо да Брешиа Абелярмен, Бернар Клервоскиймен бірігіп діннің "тазалығы" үшін күресіп, дін бұзарлардың бірі болып есептеледі. Бұлардың ойынша, дін жолында қызмет етіп жүрген адамдарда байлық пен билік болмау керек. Папаны, епископтарды, аббаттарды астамдылықта, бұзылғандықта кінәләйді, шіркеу қызметтерді сатып алынатынын т.б. қылмыстарды әшкерелейді.

Арналдо да Брешиаға Римдегі ескерткіші

1145 жылы Римде Арналдо да Брешианің ойлары кеңінен таралып, қалалық тұрғындары Рим қалалықреспубликасын жариялап, папа қаладан қуылды. Қозғалыстың идеялық көсемінің бірі Арналдо да Брешиа болды.

1155 жылы папа Адриан IV Римге қайтып оралғанда , бірінші ісі Арналдо да Брешианің мәселесі болды. Папа 18 маусым 1155 ж. Арналдо да Брешиані асылу жазасымен өлтіріп, Денесін отқа жағып жіберіп, күлін Тибрге тастатты.

1882 жылы, папа билігі жойылғаннан кейін, Брешия қаласында Арналдо да Брешиаға ескерткіш орнатылды[1] .

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том