Алып-Тегін
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Алып-Тегін | |
ألبتكين | |
Туған күні |
Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value). |
---|---|
Қайтыс болған күні |
963 ж.ш. |
Қызметі |
Ғазнауи мемлекетінің құрушысы, 1-ші әмірі (961-963) |
Алып-Тегін - Газнауи әулеті билеген мемлекетті (Ауғанстан, Пенжаб) құрушы.
Орта Азия түріктерінен шыққан. Самани әулеті тұсында гвардияға қызмет еткен құл (ғұлам) әскер басы дәрежесіне дейін көтерілген. Абдул-Малик І әмірдің кезінде мемлекеттік істерді басқарған. Алып-Тегіннің беделінен қауыптенген әмір астанадан аластатып, Хорасанның билеуші әкімі етіп жіберді. Абдул-Малик өлгеннен кейін (961) өз түріктерінен құралған өз гвардиясының күшімен Самани әскерін талқандап (962), Ғазна қаласын алды. Сөйтіп Ғазнауи әулеті билеген мемлекетті құрды.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998