Александр Михайлович Адамович

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Адамович Александр Михайлович (1927-1997), белорус жазушысы, әдебиет зерттеуші. Республика ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1980). Әуезовтің 80 жылдық мерейтойына қатысып, Семей қаласындағы салтанатты жиында сөз сөйледі. Дәл осында, Абай мен Мұхтар туған жерде ұлы ойшылдар мен дарындардың бастау апып, қанаттанғанын иманыңдай сезіне түсесің дей келіп, Еділ мен Сырдарияның толқындарындай тоғысқан қазақ және белорус әдебиеттеріндегі адам тағдырлары да ұқсап жататынына назар аударды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9