АИВ

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Адамның иммунтапшылық вирусы
Қолдан өсірілген лимфоциттен бөлініп алынған АИВ-1 (жасыл түсті) скандаушы электрон микросуреті. Вирондардың жасақталу және бүршіктену аймағы жасуша беткейіндегі бірнеше төмпешік түрінде көрінеді.
Қолдан өсірілген лимфоциттен бөлініп алынған АИВ-1 (жасыл түсті) скандаушы электрон микросуреті. Вирондардың жасақталу және бүршіктену аймағы жасуша беткейіндегі бірнеше төмпешік түрінде көрінеді.
Ғылыми топтастырылуы
Патшалық

Вирустар

Тип

Artverviricota

Класс

Revtraviricetes

Қатар

Ortervirales

Тұқымдас

Ретровирустар

Туыс

Лентивирустар

Халықаралық ғылыми атауы

Primate lentivirus group

Түрлері
  • Адамның иммунтапшылық вирусы 1 (АИВ-1)
  • Адамның иммунтапшылық вирусы 2 (АИВ-2)
Балтимур бойынша тобы

VI: Аралық ДНК түрінде реплкацияланатын, біржіпшелі (+)РНҚ бар вирустар


Уикитүрлердегі
жіктелуі
uselang=ru}}
[{{fullurl:commons:{{{Commons}}}|uselang=kk}} Ортаққордан
сурет іздеу]
NCBI  12721

Адамның иммунтапшылық вирусы — ретровирустар тұқымдасына жататын лентивирустардың адамға жұғып, АИВ инфекциясын тудыратын вирус түрі.[1][2]

Вирус беткейінде CD4 рецепторлары болатын иммунды жүйе жасушаларын зақымдайды: Т-хелпер, моноциттер, макрофагтар, Лангерханс, дендрит және микроглия жасушалары. Осылайша иммунды жүйе қызметі әлсіреп, адамда жүре пайда болған иммунитет тапшылығы синдромы (ЖИТС) дамиды. Бұл кезде организм инфекция мен ісіктен қорғану қабілетінен айырылып, иммунитеті қалыпты жұмыс істейтін адамдарда бола бермейтін екіншілік оппортунис инфекцияларға шалдығады.[3][4][5] Ем жүргізілмесе, АИВ жұқтырған адам организмге түскен вирус түріне қарай шамамен 9 жылдан 11 жылға дейін өмір сүреді.[6] АИВ көбіне қан, былазық (преэякулят), шәует және қынып шырышы арқылы беріле алатын жыныс қатынасынан жұғатын ауру. Зерттеулерге сәйке АИВ–оң адамда ем нәтижесінде вирус титрі анықталмайтындай болса, мүшеқапсыз секс арқылы серіктесіне вирус жұқтырмайды (гомосексуал және гетеросексуал жұптарда бірдей).[7][8] Бұдан бөлек вирус анадан балаға жүктілік, босану және емізу кезінде жұға алады.[9][10][11][12] Аталған дене сұйықтарында вирус жеке вирион түрінде де, вирус жұққан иммунитет жасушаларында да кездесе алады.

Вирусология

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

АИВ Retroviridae тұқымдасының Lentivirus туысына жатады.[13][14] Бұл вирустар қоздырған инфекция өте баяу дамып, инкубация кезеңі ұзаққа созылады.[15] Вирустың бұл қасиеті атауында орын тепкен: Lentivirus атауы латын тіліндегі lente – баяу сөзінен шыққан.

Адамның иммунтапшылық вирусының геномына аса жоғары өзгергіштік тән. Репликацияның бір айналымында әр геномда қатенің орын алу жиілігі – 10−3 — 10−4. АИВ геномының мөлшері шамамен 104 нуклеотид. Бұл дегеніміз әрбір жаңа түзілген геномның ең болмаса бір нуклеотиді ізашар геномнан өзгеше болады. Ғылымда АИВтің екі түрі белгілі – АИВ-1 және АИВ-2. Бұлар бірі шимпанзеде, ал екіншісі ысты мангабейде болатын маймылдың иммунтапшылық вирусының адамға берілуінен пайда болуы мүмкін деген болжам бар.[16]

АИВ түрлерін салыстыру
Түрі Вируленттік Қоздырғыштық Таралуы Болжамды шығу тегі
HIV-1 Жоғары Жоғары Әлем Шимпанзе
HIV-2 Төменірек Төмен Батыс Африка Ысты мангабей

АИВ-1 де, АИВ-2 де ауыр иммунтапшылық тудыра алады, алайда әрқайсының клиникалық ағымы өзгеше. АИВ-1 түріне қарағанда АИВ-2 вируленттігі мен жұқпалылығы төмен екені белгілі. Ғалымдар бұның себебі АИВ-2 инфекциясы кезіндегі вирус титрінің төмен болуында деп болжайды. АИВ-2 аздап АИВ-1 инфекциясын жұқтырудың алдын ала алады. Алайда екі вирустың да қатар жұққаны кездескен (кез келген реттілікте), ол жағдайды суперинфекция деп атайды. АИВ-2 инфекциясын жұқтырғандар ЖИТСке салыстырмалы түрде сирек шалдығады. Сондай-ақ АИВ-1/ЖИТСі бар адамдар Капоши саркомасына, ауыз қуысы кандидозына және созылмалы қызбаға жиірек шалдығатыны анықталған. АИВ-2/ЖИТСте көбіне энцефалит, созылмалы не бактерия тудырған диарея, ауыр цитомегаловирусты инфекциялар мен холангит дамиды[16]. Бұдан бөлек Lentivirus туысына маймыл, мысық, жылқы, қой және тағы да басқа жануарларда АИВ/ЖИТСке ұқсас ауру тудыратын вирус түрлері жатады.[17][18]

Вирион құрылысы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
АИВ вирионының құрылысы

АИВ вирионы – диаметрі 100—120 нанометр болатын сфера[19] пішінді құрылым; қанның қызыл жасушаларынан 60 есе кіші.[20] Жетілген вирион құрамында оң мәнді, бір жіпшелі РНҚ молекуласының екі көшірмесі болады. Оларды р24 нәруызының 2000 молекуласынан құралған, пішіні қиық конусқа ұқсайтын капсид қоршайды.[21] Бір жіпшелі РНҚ молекуласы p7 нуклеокапсиді мен вирионның көбюіне қатысатын кері транскриптаза, протеаза, рибинуклеаза және интеграза сияқты ферменттермен берік байланысады. Бұдан бөлек капсидпен Nef, Vif (әр виронда 7—20 Vif молекуласы болады) және Vpr ( капсид сыртында да болуы мүмкін) нәруыздары да ассоциацияланған. Сондай-ақ вирион жасақталуына қатысатын пептидилпролилизомераза А ферменті де (циклофилин А) вирион капсидімен байланысады.[22]

Капсидті p17 матрикс нәруызының 2000-ға жуық молекуласынан құралған қабықша қоршап, вирионның бүтін қалуын қамтамасыз етеді.[21] Матрикс қабықшасын екі қабат липидті мембаранадан құралған вирустың сыртқы қабықшасы қоршайды. Ол вирус өзі түзіліп шыққан жасушадан бүршіктенген кезде қармап алған фосфолипид молекулаларынан құралады.[23] Липидті мембранаға жетпіс екі Env гликопротеин кешені ене орналасқан, олардың әрқайсы кешен «тұғыры» саналатын үш gp41 (TM) трансмембраналық гликопротеин және үш gp120 (SU) беткей гликопротеин молекуласынан құралған.[22] gp120 нәруызының көмегімен вирус адам Т-лимфоцитінің беткейіндегі CD4 рецепторына және корецепторға байланысады. Вириондағы p24 пен gp120 нәруыздарының стехиометриялық қатынасы 60–100:1[24] Вирустың сыртқы қабықшасы түзілгенде адам лейкоциті антигенінің (HLA) I және II классы мен адгезия молекулалары секілді жасушаның кейбір мембрана жасушалары да қармалады[21][25]. Вирион нәруыздары қарқынды зерттелуде, себебі жасалып жатқан дәрілер мен вакцина дәл осы белоктарға әсер етеді.

АИВ-1 нәруыздарының қызметі[21][25]

Қысқа атауы Толық Қызметі
gp41 (TM, transmembrane) Массасы 41 кДа болатын трансмембраналық гликопротеин Липидті мембрананың сыртқы қабатында орналасады, gp120 нәруызының молекуласын ұстап тұратын «тұғыр» қызметін атқарады.
gp120 (SU, surface) Массасы 120 кДа болатын гликопротеин Вирион сыртындағы нәруыз. gp41 трансмембраналық нәруызымен ковалентсіз байланысқан. Бір gp41 молекуласына 3–5 gp120 молекуласы байланысады. CD4 рецепторын байланыстыра алады. Вирустың қожайын жасушасына енуінде маңызды рөл атқарады.
p24 (CA, capsid) Массасы 24 кДа болатын нәруыз Вирус капсидін құрайды.
p17 (MA, matrix) Массасы 17 кДа болатын матрикс нәруызы Вирустың сыртқы қабықшасы мен капсид арасында орналасқан, қалыңдығы 5—7 нм болатын матрикс қабықшасын құрайды.
p7 (NC, nucleocapsid) Массасы 7 кДа болатын нуклеокапсид нәруызы Вирус капсидінің құрамына кіреді. Вирус РНҚсымен кешен түзеді.

Геном құрылысы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
АИВ-1 РНҚ геномының құрылысы

АИВ геномы оң мәнді (+)РНҚ молекуласының екі көшірмесі[26]. АИВ-1 геномының ұзындығы 9000 нуклеотидтен құралған. Геномның әр ұшында ұзын терминал қайталанымдар (ағылш. Long terminal repeats, LRTs) боларды, оларды вирус нәруыздары да, инфекция жұққан жасуша нәруыздары да белсендіре алады.

АИВ-1-дің 9 гені кем дегенде 15 нәруыз кодтайды.[27] pol гені кері транскриптаза (RT), интеграза (IN) және протеаза (PR) ферменттерін кодтайды. gag гені Gag/p55 полипротеинін кодтайды, ол вирусты протеаза әсерінен p6, p7, p17, p24 құрылымдық нәруыздарына ыдырайды. env гені gp160 нәруызын кодтайды, ол жасушада болатын фурин эндопротеазасының әсерінен gp41 мен gp120 нәруыздарына ыдырайды.[21] Басқа да tat, rev, nef, vif, vpr, vpu (АИВ-2-де vpx) гендері АИВтің жасушаға жұғуын және өз көшірмесін жасауға қатысатын нәруыздарды кодтайды.[28][29][30]

Тіршілік айналымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Нысана жасушаға енбес бұрын

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

АИВ вирионы организмге түскеннен кейінгі тағдыры биологиялық сұйықтықтың түріне қарай әртүрлі болады. Сілекей мен асқазан сөлінде вириондарды бұза алатын ферменттер болады, алайда бір айға толмаған балаларда аталмыш ферменттер белсенбегендіктен, олар ана сүтінен вирус жұқтыруы мүмкін. АИВ вирионы қан мен лимфаға өтіп, бүкіл организмге тарайды. Беткейінде CD4 рецепторы бар жасушамен кездесіп қалса, АИВ вирионы аталған рецептормен байланысып алады.[31]

Денедегі таралуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "How does HIV cause AIDS?". Science 260 (5112): 1273–9. May 1993. Bibcode 1993Sci...260.1273W. doi:10.1126/science.8493571. PMID 8493571. 
  2. "Emerging Concepts in the Immunopathogenesis of AIDS". Annual Review of Medicine 60: 471–84. 2009. doi:10.1146/annurev.med.60.041807.123549. PMC 2716400. PMID 18947296. 
  3. NIAID/NIH: The Relationship Between the Human Immunodeficiency Virus and the Acquired Immunodeficiency Syndrome
  4. Alimonti J.B., Ball T.B., Fowke K.R. Mechanisms of CD4+ T lymphocyte cell death in human immunodeficiency virus infection and AIDS. (en) // Journal of General Virology : journal. — Microbiology Society, 2003. — Т. 84. — № 7. — б. 1649—1661. — doi:10.1099/vir.0.19110-0PMID 12810858.
  5. UNAIDS, WHO 2007 AIDS epidemic update  (ағыл.) (PDF) (December 2007). Тексерілді, 12 наурыз 2008.
  6. 2007 AIDS epidemic update (December 2007).
  7. Дереккөз қатесі: Жарамсыз <ref> тегі; no text was provided for refs named PARTNER2-2019
  8. Дереккөз қатесі: Жарамсыз <ref> тегі; no text was provided for refs named Fauci-JAMA
  9. Desrosiers, Ronald C, ed (2012). "HIV-Specific Antibodies Capable of ADCC Are Common in Breastmilk and Are Associated with Reduced Risk of Transmission in Women with High Viral Loads". PLOS Pathogens 8 (6): e1002739. doi:10.1371/journal.ppat.1002739. PMC 3375288. PMID 22719248. 
  10. Anthropology and public health : bridging differences in culture and society — 2nd. — Oxford: Oxford University Press. — P. 449. — ISBN 978-0-19-537464-3.
  11. Mead MN (2008). "Contaminants in human milk: weighing the risks against the benefits of breastfeeding". Environmental Health Perspectives 116 (10): A426–34. doi:10.1289/ehp.116-a426. PMC 2569122. PMID 18941560. Archived from the original on 6 November 2008. https://web.archive.org/web/20081106182431/http://www.ehponline.org/members/2008/116-10/focus.html. 
  12. Preventing Mother-to-Child Transmission of HIV (15 мамыр 2017).Үлгі:PD-notice
  13. International Committee on Taxonomy of Viruses 61.0.6. Lentivirus. National Institutes of Health (2002).
  14. International Committee on Taxonomy of Viruses 61. Retroviridae. National Institutes of Health (2002).
  15. "HIV pathogenesis and long-term survival". AIDS 7 (11): 1401–10. 1993. doi:10.1097/00002030-199311000-00001. PMID 8280406. 
  16. a b Nyamweya S., Hegedus A., Jaye A., Rowland-Jones S., Flanagan K. L., Macallan D. C. Comparing HIV-1 and HIV-2 infection: Lessons for viral immunopathogenesis. (en). — Reviews in medical virology, 2013. — Vol. 23. — № 4. — б. 221—240. — PMID 23444290.
  17. Дереккөз қатесі: Жарамсыз <ref> тегі; no text was provided for refs named NIAID2
  18. Lentivirus  (ағыл.). International Committee on Taxonomy of Viruses (ICTV). — Virus Taxonomy: 2013 Release. Басты дереккөзінен мұрағатталған 29 шілде 2014.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 21 шілде 2014.
  19. "A common mechanism underlying promiscuous inhibitors from virtual and high-throughput screening". Journal of Medicinal Chemistry 45 (8): 1712–22. 2002. doi:10.1021/jm010533y. PMID 11931626. 
  20. Compared with overview in: Lippincott's Illustrated Reviews: Microbiology — Hagerstown, MD: Lippincott Williams & Wilkins, 2007. — P. 3. — ISBN 978-0-7817-8215-9.
  21. a b c d e Various HIV Sequence Compendium 2008 Introduction — 2008. Дереккөз қатесі: Invalid <ref> tag; name "compendia" defined multiple times with different content
  22. a b Turner B. G., Summers M. F. Structural biology of HIV. (en). — Journal of molecular biology, 1999. — Vol. 285. — № 1. — б. 1—32. — PMID 9878383.
  23. Pudney J., Song M. J. Electron microscopic analysis of HIV-host cell interactions. (en). — Tissue & cell, 1994. — Vol. 26. — № 4. — б. 539—550. — PMID 8091422.
  24. Levy J.A. HIV and the pathogenesis of AIDS — USA: American Society for Microbiology, 2007. — ISBN 978-1-55581-393-2.
  25. a b Үлгі:Cite pmid
  26. Дереккөз қатесі: Жарамсыз <ref> тегі; no text was provided for refs named Structural_biology
  27. Fauci A. S. HIV and AIDS: 20 years of science.. — Nature medicine, 2003. — Vol. 9. — № 7. — P. 839—843. — PMID 12835701.
  28. Guatelli J. C. Interactions of viral protein U (Vpu) with cellular factors. (en). — Current topics in microbiology and immunology, 2009. — Vol. 339. — P. 27—45. — PMID 20012522.
  29. Nomaguchi M., Fujita M., Adachi A. Role of HIV-1 Vpu protein for virus spread and pathogenesis. (en). — Microbes and infection / Institut Pasteur, 2008. — Vol. 10. — № 9. — P. 960—967. — PMID 18672082.
  30. Malim M. H., Emerman M. HIV-1 accessory proteins--ensuring viral survival in a hostile environment. (en). — Cell host & microbe, 2008. — Vol. 3. — № 6. — P. 388—398. — PMID 18541215.
  31. HIV-1 dynamics in vivo: virion clearance rate, infected cell life-span, and viral generation time  (ағыл.). Science. 1996 Mar 15;271(5255):1582-6.. Басты дереккөзінен мұрағатталған 5 наурыз 2016.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 23 тамыз 2014. PMID 8599114