Итуруп

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Итуруп
Үлгі:Lang-ain, жапон. 択捉島
Аралдың ғарыштан көрінісі
Аралдың ғарыштан көрінісі
Сипаттамасы
Ауданы3174,71 км²
Ең биік нүктесі1634 м
Тұрғындар (2018 жыл)6409 адам
Халық тығыздығы2,019 адам/км²
Орналасуы
45°00′00″ с. е. 147°53′00″ ш. б. / 45° с. е. 147.8833° ш. б. / 45; 147.8833 (G) (O) (Я)Координаттар: 45°00′00″ с. е. 147°53′00″ ш. б. / 45° с. е. 147.8833° ш. б. / 45; 147.8833 (G) (O) (Я) (T)
АрхипелагКурил аралдары
Елдер Ресей
 Жапония
Итуруп (Ресей)
Итуруп
Итуруп Ортаққорда

Итуруп аралы (Айну: エトゥオロ, Etuworop-sir; жапон. 択捉島, Etorofu-tō) — Курил аралдарының құрамындағы ең үлкен арал. Солтүстігіндегі Уруп аралынан Фриз бұғазы арқылы бөлінген (ені 39 км). Аумағы 6725 км2. Ресейдің қиыр шығысындағы Камчатка облысының құрамында. Географиялық орналасуына қарай Оңтүстік Курил аралдары қатарына енеді. Аралдың ұзындығы 203 км, ені 5,5 – 46 км. Ол бор, палеоген және антропоген кезеңдерінің эффузиялық тау жыныстарынан тұрады. Жер бедері күрделі және әр түрлі. Арал 12 жанартаулық массивтен, жеке жанартаулардан, аккумуляттік жазық мойнақтардан құралған. Аралдың Тынық мұхит және еуроралық литосфералық плиталардың тоғысқан белдеуінде орналасуына байланысты қазіргі заманғы белсенді тектоник. құбылыстар дамыған. Аралда жалпы саны 40 – 48 жанартау бар. Итуруп аралында қалың да биік өскен Курил бамбугінен тұратын тоғайлар бар. Қылқанды және жалпақ жапырақты ормандар кең таралған. Ормандарда таулық тайганың шымды-күлгінді топырақтары қалыптасқан.

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Iturup