Испан әдебиеті

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Испан әдебиеті- Кастиль, баск, гаписий, каталан тілінде қалыптасқан. Ол негізінен халыктық жырлар, орта ғасырдағы «Андалузия әдебиеті» деп аталатын араб поэзиясы мен хикаяларының негізінде дамыды. Ф.де Рохастың (1446-1541) «Селестина», М.деСервантестің (1547-1616) «Дон Кихот» романдары әлем әдебиетіндегі ұлы туындыларға айнапды.

Әуезов «Дон Кихот» романын адамзаттың ақыл-ойының және көркем қиялының шыңы ретінде бағалады. Ғылыми-техникалық прогресс заманында көркем әдебиет тоқырауға ұшырайды, оның келешегі жоқ деген бүкілодақтық ғылыми пікір таласы кезінде Әуезов физик пен химиктердің біліктері көркеменердің жаңа дәуіріне апаратын жолдың жасырын кілтін тауып беретін көмекшілер емес екенін, адамның жан дүниесін жеке бейне арқылы жан-жақты терең бере алмайтынын, бүл міндетті ада қылатын тек көркем өнер, сондағы Данте, Шекспир, Сервантес, Гете, Толстойларғана дей келіп, бүл жөніндегі бірінші сөз - әдебиеттікі болмақ деп, Сервантестің шығармасын өте жоғары бағалады. Жазушы өзінің «Жалпы театр өнері мен қазақ театры» атты мақаласында Күнбатыс Еуропаның ірі мемлекеттерінен атақты драматургтер шыкты. Бүлардың драмалары сарайдың салтанатты театрының жолымен кеткен жоқ... Испанияда «ақындық негізі» деп аталған Лопе де Вега салт театрын түзеді деп, оның әлем театрын дамытудағы орнын ерекшелеп көрсетті. Сондай-ак Әуезов испан поэзиясының үлы түлғасы Федерико Гарсиа Лорканың ер рухты, ерлікті, бостандықты, махаббатты жырлаған елендері мен драматургиялык туындыларын ерекше ұнатты. Оның қасіретті тағдырын етене сезінді. Испан әдебиеті 20 ғасырда романтикапық реализм, сюрреализм, «ультраизм», реализм сияқты барлық ағымдардың ықпалында дамыды. Республика мен монархияның арасындағы жанталасты күрес олардың тақырыптарына да, көзкарастарына да тікелей әсер етті. Қарама-карсы бағыттағы шығармалар жазылды. Д.Алонсоның, Р.Сендердің, С.Арконданың, X.Адериустың, Р.Апьбертидің, Б.де Отероның, X.Гойтисолоның туындылары фашизмге қарсы күрес рухын бейнеледі. Әуезовтің «Роман турапы ойлар» (1951), «Ғасырдың бетін анықтап берген адам» (1949), «Жазушы толғанысы» (1952), «М.Әуезовтің сезі» (1959) атты мақалалары, «Абай жолы» роман-эпопеясының үзінділері 1958, 1981 жылы, ал «Қараш-Қараш оқиғасы» повесі 1977 жылы «Советская литература» журналында испан тіліңде жарияланды.[1]

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8