Искья

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Искья
итал. Ischia
Прочида аралынан көрініс
Прочида аралынан көрініс
Сипаттамасы
Ауданы46,3 км²
Ең биік нүктесі789 м
Тұрғындар (2009 жыл)62 027 адам
Халық тығыздығы1339,676 адам/км²
Орналасуы
40°43′12″ с. е. 13°54′38″ ш. б. / 40.72000° с. е. 13.91056° ш. б. / 40.72000; 13.91056 (G) (O) (Я)Координаттар: 40°43′12″ с. е. 13°54′38″ ш. б. / 40.72000° с. е. 13.91056° ш. б. / 40.72000; 13.91056 (G) (O) (Я) (T)
АкваторияТиррен теңізі
Ел Италия
АймақКампания
АуданНеаполь
Искья (Италия)
Искья
Искья Ортаққорда
Флегрин аралдары

Искья (итал. (Isola di) Ischia) — Италияның шығыс жағалауындағы Тиррен теңізіндегі жанартаулы арал.

Географиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Кампания облысының құрамына кіреді. Капри және Прочида аралдарымен бірге Неаполитан шығанағының үш негізгі аралдарының бірі болып саналады. Аумағы 46 км² шамасында. Халқы 62 мың адам[1]. Аралдың басты қаласы - Искья (18 253 адам). Искья — Неаполитан шығанағындағы ең үлкен арал (Тиррен теңізінде, Неапольден 40 шақырым және континеттен 7 шақырым).

Аралдың орталық бөлігінде Эпомео (789 м) және Тработти (512 м), ал оңтүстік-шығысында Монте-Веззи (Пьедимонте) (395 м) жанартаулары орналасқан[2]. Искьядағы соңғы жанартау атылуы 1301 жылы болған.

Аралдың назар аударарлық орындары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жергілікті назар аударарлық орындарының қатарына орта ғасырларда көне бекіністен қайта салынған Арагон қамалы жатады.

Арагон қамалы.

1949 жылы осында ағылшын композиторы сэр Уильям Уолтон және оның әйелі Сюзанна Гил көшті.

Батыс жағалауындағы Картароман айлағында жылы су бұлақтары, теңіз және бальнеологиялық шипажайы орналасқан. Мұнда «Эден бағы» жылы су саябағы орналасқан[3].

Аралда вулканизммен байланысты қатты қысыммен су буының атқылауы, туристтерді сирек кездесетін табиғи көріністер көп қызықтырады.



Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. demo.istat.it 31/08/2009
  2. Princeton Encyclopedia of Classical Sites
  3. Искья