Имекдән

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Имекдән
Rhynchospora fascicularis
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
(unranked) Дара жарнақтылар
(unranked) Commelinids
Сабы: Poales
Тұқымдасы: Cyperaceae
Кіші тұқымдасы: Cyperoideae
Тайпасы: Rhynchosporeae
Тегі: Rhynchospora
Vahl
түрлері

400 түрі белгілі

Имекдән (лат. Rhynchospora) – қияқөлеңдер тұқымдасына көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Негізінен Американың тропиктік және субтропиктік белдеулерінде кездесетін 200-дей түрі белгілі. Қазақстанда мүк басқан шымтезекті батпақты жерлерде өсетін 1 түрі – ақ имекдән (Rhynchospora alba) бар. Оның биіктігі 15 – 40 см, бұтақтанған қысқа тамырлары бос шым түзеді. Сабағы жіңішке, үш қырлы. Жапырақтары ұзын, жіңішке. Гүлдері ақ түсті, қос жынысты, аз гүлді масақ гүлшоғырына топталған. Шілдетамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – үш жағына қарай үшкірленіп келген жаңғақша, ұзындығы 1 мм-дей, түп жағы қоңыр болады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Сыртқы сілтеме

[өңдеу | қайнарын өңдеу]