Зауал (Гюго)
Зауал | |
Les Châtiments | |
Жанр | |
---|---|
Авторы | |
Түпнұсқа тілі | |
Жариялануы |
1853 ж. |
«Зауал» — Виктор Гюгоның Наполеон III құрған мемлекеттік тәртіпті сықақтап әшкерелейтін өлеңдерден тұратын жинақ.
1851 жылдың 2 желтоқсанында Наполеон III өз билігін күшейту мақсатымен мемлекеттік төңкерісті ұйымдастырады, Францияда полицейлік тәртіп орнатылады. Халық арасында авторитаризмге деген қарсылық сезімі туа бастайды. 4 желтоқсан күні Парижде жаппай тәртіпсіздік орын алады, аласапыранда 200-ден астам адам мерт болады, араларында әйелдер мен балалар да болған.
Виктор Гюго да мемлекеттік төңкеріске қарсы болған және президентті сатқын әрі диктатор деп атап, сынаған. Франциядан қуылып, жазушы алдымен Бельгияға, кейін Джерсиге мекен тебеді. 1852 жылы ол «Кіші Наполеон» атты саяси памфлетті жазады, сол жылы Наполеон III өзін император етіп жариялаған еді.
«Зауал» да осы сарынмен, бірақ поэзиялық пішінмен жазылған дүние еді.
|