Жадейт
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Жадейт (французша jadeіte, jade — нефрит, испанша іjada — бөтеке, бөтеке ем тасы) — силикаттар класындағы пироксендер тобына жататын минерал. Химиялық формуласы NaAl [Sі3O6]. Моноклиндік сингонияда кристалданады. Кристалдары тығыз ұсақ түйіршікті агрегаттар түзеді. Түсі жасыл, ақшыл, қызғылт, күлгін көк, қоңыр, қаттылығы 6,5 — 7,0, меншікті салмағы 3,3 — 3,4 г/см3, шыныша жылтыр. Метаморфтық сілтілі және жапсарлы-метасоматиттік тау жыныстарында түзіледі. Жадейттен ежелгі заманнан бері соғатын, шабатын қару-жарақ жасалды. Қазір зергерлік әшекей бұйымдар жасау үшін қолданылады. Жадейт Қазақстанда солтүстік Балқаш аймағындағы Итмұрынды кенінде кездеседі. Жадейт құрамды тау жынысы жадеитит деп аталады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — геология бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |