Дуралюмин
Дуралюмин, дюралюминий, дюраль (нем. Duren —алғаш рет алюминий және оның қорытпалары өнеркәсіптік өндіріс ретінде шығарыла бастаған қала және алюминий) — құрамында 2,2 — 5,2% мыс, 0,2 — 2,7% магний және 0,2 — 1,0% марганец болатын алюминий негізіндегі қорытпалардың жалпы аты. Дуралюминнің D1, D16 маркалы түрлері кең тараған. Қорытпалардың физика-механика қасиеттері (жеңілдігі, беріктігі, т.б.) шынықтыру және ескірту тәсілдері арқылы жақсартылады. Дуралюмин 500С шамасында қыздырылып, суға батыру арқылы шынықтырылады, содан кейін ол 20С температурада төрт тәулік бойы ескірту тәсілімен өңделеді. Дуралюминнің пластикалық (созылғыш) қасиеттерін жақсарту үшін жасыту тәсілі қолданылады, яғни бұйымдар 340 — 370С температура аралығында қыздырылып, суытылады. Дуралюмин коррозияға онша төзімді емес, сондықтан одан жасалған бұйымдарға таза алюминий жалатылады. Дуралюминнен лента, құбыр, шыбық, профиль түріндегі бұйымдар жасалынып, авиация және көліктік машина жасау өндірістерінде, т.б. кеңінен қолданылады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қазақ энцклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |