Дмитрий Михайлович Карбышев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Дмитрий Михайлович Карбышев
суреті
Туған күні

26 қазан 1880 (1880-10-26)

Туған жері

Омбы, Батыс Сібір генерал-губернаторлығы, Ресей империясы

Қайтыс болған күні

18 ақпан 1945 (1945-02-18) (64 жас)

Қайтыс болған жері

Маутхаузен, Рейхсгау Жоғарғы Дунай, Үшінші Рейх

Мемлекет

Ресей империясы
РКФСР
 КСРО

Әскер түрі

Инженерлік әскерлер

Қызмет еткен жылдары

Ресей 1898 — 1917
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы 1918 — 1945

Атағы

подполковник

инженерлік әскерлердің генерал-лейтенанты

Шайқасы

Орыс-жапон соғысы
Бірінші дүниежүзілік соғыс
Ресей империясының азамат соғысы
Кеңес-Фин соғысы
Ұлы Отан соғысы

Марапаттары

КСРО:

Кеңес Одағының Батыры
Ленин ордені Қызыл Ту ордені Қызыл жұлдыз ордені

Ресей империясы:

Дмитрий Михайлович Карбышев — кеңес әскери қайраткері, инженерлік әскер генерал-лейтенанты (1940), Совет Одағының Батыры (1946), ұлты татар.

1940 жылдан КПСС мүшесі. 1918 жылдан Совет Армиясы қатарында. Сібір кадет корпусын (1898), Николаев инжинерлік училищесін (1900), Николаев инженерлік академиясын (1911) бітірді. Профессор, әскери ғылыми докторы (1941). 1904-1905 жылдардағы Азамат соғысы кезінде әскери инженер, қорғаныс ауд-ның құрылыс жұмыстарын басқарды, Шығыс майданының 5- армиясы инженерлерінің бастығы. Орал қорғанысына қатысты. Ұлы Отан соғысының бас кезінде (08.08.1941) майданда ауыр жараланып тұтқынға түсті. Фашистердің өлім лагерінде әскери тұтқындар арасында антифашисттік үгіт жүргізді. Неміс фашистеріне қызмет етуден үзілді-кесілді бас тартқан соң фашистер оны Маутхаузен лагерінде азаптап өлтірді.

Марапаттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ленин орденімен, басқа да орден, медальдармен марапатталған. Алматы көшелерінің бірі Карбышевтің құрметіне аталған.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Карбышев атындағы көше (Алматы)

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Алматы" энциклопедиялық анықтама, 1983