[go: up one dir, main page]

Мазмұнға өту

Іссапар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Іссапар – еңбек құқығында жұмыс берушінің өкімімен қызметкердің тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде қызмет бабындағы тапсырманы орындау үшін белгілі бір мерзімге барып қайтуы. Әдетте іссапар мерзімі заңнамада белгіленген мерзімнен аспайды. Егер қызметкер басқа жерге ұзақтау мерзімге жіберілген болса, онда бұл уақытша ауыстыру болып есептеледі. Жұмыс берушінің іссапар туралы өкімі қызметкер үшін міндетті; Іссапардан тек дәлелді себептермен ғана бас тартуға болады, әйтпесе ол тәртіп бұзушылық ретінде қарастырылады. Қызметкерді іссапарға жіберу туралы басшының бұйрығы шығарылады, соның негізінде қызметкерге бірыңғай үлгідегі іссапар куәлігі және ақшалай аванс беріледі. Қызмет бабындағы іссапарға жіберілетін қызметкерлерге іссапарда болған уақыты үшін тәуліктік қаражат, жіберілген жерге барып-қайту шығыны, тұрғын үй жалдау шығыны төленеді. Іссапарға жіберілген қызметкерлердің жұмыс орны (қызметі), орташа жалақысы сақталады. Тұрақты жұмысы жол үстінде орындалатын немесе жүргіншілік сипатта болып келетін қызметкерлердің қызмет бабындағы сапарлары іссапар деп танылмайды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]