BilimLand
BilimLand | |
URL | |
---|---|
Коммерциялық |
Иә |
Сайттың түрі |
білім беру платформасы |
Тіркелу |
Міндетті |
Тіл(дер)і |
қазақ, орыс, ағылшын |
Иесі | |
Авторы | |
Ашылған уақыты |
2011 |
Қазіргі статусы |
жұмыс істейді және даму үстінде |
BilimLand — көптілді білім беру онлайн-платформасы. Платформаны 2011 жылы Bilim Media Group компаниясы құрды. Қызмет Қазақстан (bilimland.kz), Ресей (bilimland.ru), Өзбекстан (bilimland.uz) және АҚШ (bilimland.com) елдерінде жұмыс істейді. Bilimland мектеп пәндерін оқытуға арналған бірнеше онлайн-платформаларды қамтиды. Бұл басқа онлайн платформалар үшін туыстас жобасы, мысалы: www.twig-bilim.kz, www.itest.kz, www.imektep.kz, www.onlinemektep.kz. Бас директоры - Рауан Кенжеханұлы, атқарушы директоры - Санжар Кенжеханұлы.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жоба 2011 жылы "Болашақ" білім беру бағдарламасының түлектерімен құрылған. Бірінші жоба қазақ тілінде оқытатын бастауыш мектеп үшін imektep.kz онлайн-платформасы болды. Жоба американдық BrainPop жобасына ұқсас жасалған.
2013 жылы жоба технологияларды сатып алу және онлайн-платформаны коммерцияландыру үшін Технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттіктің (ТДҰА) грантынан қолдау тапты.
2014 жылы сервис білім беру қызметтері нарығына алғашқы сатылыммен шықты. Сервис Назарбаев Зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымының мектептерінде тексерістен өтті. Сервисті Қазақстанның 700-ден астам мектебі белсенді түрде пайдаланды. 2016 жылы жоба Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевқа ұсынылды.
2020 жылдың наурыз айында коронавирус пандемиясына байланысты Bilim Media Group пен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі bilimland.kz платформасына тегін кіру мүмкіндігін жариялады.[1]
Сараптама
[өңдеу | қайнарын өңдеу]2013-2016 жылдар аралығында Оқу материалдары ҚР БҒМ "Оқулық" орталығының, Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының, ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының, Өрлеу БАҰО, сондай-ақ Ресей Федерациясы Ғылым Академиясының сараптамасынан өтті.
Монетизация
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Платформа білім беру ұйымдарымен және жеке пайдаланушылармен жазылу бойынша жұмыс істейді. Оқыту контенті қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді. Онлайн-платформа Қазақстанның 7000-нан астам мектебінде қолданылады.[2]
Пандемия
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Короновирус пандемиясының басталуымен және Қазақстанда төтенше жағдайдың енгізілуімен барлық білім беру ұйымдары қашықтықтан оқыту нысанына көшуге мәжбүр болды. 23 наурыздан бастап жоба негізінде Bilimland.kz "Балапан" (қазақ тілінде) және "Ел арна" (орыс тілінде) телеарналарында трансляциялауға арналған бейнесабақтарды жазумен OnlineMektep жобасы басталды. Бейнесабақтар 6 сәуір мен 22 мамыр аралығында көрсетілді. Жоба аясында 42 мектеп пәні бойынша 3 мыңнан астам бейнесабақтар, 20 мыңға жуық жаттығулар мен тапсырмалар жасалды.
Жоба Bilim Media Group бастамасымен жүзеге асырылды. Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырушылық және әдістемелік қолдау көрсетті. Жобаға барлығы 160 мұғалім, 40 әдіскер және компанияның 100-ден астам қызметкері қатысты. Төртінші тоқсан кезінде қашықтықтан оқытуға еліміздің 77% оқушысы көшті - бұл 3 млн 400 мың.
Bilim Media Group компаниясы жобаны өз есебінен жүзеге асырды. Қыркүйек айында қызмет белсенді DDoS шабуылдарына ұшырады.