Пакаль

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту


Ұлы Пакаль II - Майя өркениетінің әрі мемлекеті, әрі қаласы болып саналатын Паленкенің билеушісі. Пакель анасы жағынан патша әулетіне жатады. Таққа отыруына паленкелік патриоттар партиясының жеңісі себеп болды. 615 жылы 29 шілдеде таққа отырған кезде Пакель бар болғаны 12 жаста болған екен. Сол кезеңде Паленкеге көршілес Помон және Калакмуль қалаларының әскері қайта-қайта шабуыл жасап жатты. Жаулары тұтқындарды құрбандыққа шалып отырғандықтан, Паленкеде күннен -күнге ер адамдар саны азая берді. Пакаль әлі жас болғандықтан, ол есейгенше оның анасы Сак Кук елді басқарды. Пакаль билікке келген соң бірнеше шағын қала-мемлекеттерді өзіне бағындырды. Осыдан бастап Паленке тарихында жаңа кезең басталды. Бұрынғы ата жауларынан кек қайтару үшін Пакаль Помон қала-мемлекетіне дүркін-дүркін шабуыл жасап, Майяның өзге тайпалары арасында өз халқының үстемдігін күшейтті. Өз билігін нығайтқаннан кейін Пакаль алып ғимараттардың құрылысын салумен айналысты. Паленке сарайы - Майя сәулет өнерінің үздік үлгісі. Ол қазірге дейін сақталған. Пакаль анасы жағынан тақ мұрагері болғандықтан көпшілігі Пакальді ұнатпаған. Жұрттың бұл наразылығын тыю үшін Пакаль анасы Сан Кук пен қлы Кан Баламды "тәңірі" деп жариялап, әулеттің тарихын қайта жазып шықты. Ұлы Пакаль 80 жасқа келгенше билік құрды.. Ол "Жазба ғибадатханасы" деп аталатын, пирамида түрінде салынған үлкен мазарда жерленген. Мазардың бұлай аталу себебі- оның қабырғаларындағы жазуларға байланысты. Мұнда Паленке билеушілерінің шежіре-тарихы жазылған. Бұл сәулет ескерткіші- Майя классикалық өнерінің бір бөлшегі ғана.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

[1]

  1. Ұлы Императорлар. – Алматы: «Аруна» баспасы. -130-131 беттер. «11000 қызықты деректер».