[go: up one dir, main page]

Сәрсенбі, 6 Қараша 2024
Алаң 978 5 пікір 1 Қараша, 2024 сағат 15:06

Қазақстан мен Қытай өзендер бойынша келіссөз жүргізуде

Сурет ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі баспасөз қызметінен алынды.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов ҚХР-ның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяомен кездесті. Екіжақты кездесуде трансшекаралық өзендерде су бөлу және су саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Қазақстан мен Қытай трансшекаралық өзендерде су бөлу мәселелері бойынша келіссөз жүргізуде. Тараптар екіжақты су ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады.

Келіссөздер барысындағы басым бағыттың бірі - трансшекаралық өзендерде су бөлу мәселесі. Ол үшін құрамына қос тараптың сарапшылары кіретін арнайы жұмыс тобы жасақталған.

Басты мақсат - Іле-Балқаш бассейнін сумен тұрақты қамтамасыз ету, балық шаруашылығы мен туризмді дамыту болып табылады. ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі алдағы уақытта ҚХР Су шаруашылығы министрлігімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюға ниетті.

Сонымен қатар, тараптар Қазақстанның су инфрақұрылымын бірлесіп жаңғырту және автоматтандыру, су үнемдеу технологияларын әзірлеу мен енгізу, сондай-ақ Қытайда қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру мәселелерін талқылады.

«Power China компаниясымен қазақстандық мамандарды Қытайда біліктілік арттыру курстарынан өткізу туралы келісімге келдік. Бүгін талқыланып жатқан бастамалар Қазақстан мен Қытайдың екіжақты қарым–қатынасына жаңа серпін береді деп ойлаймын», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1093
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 1878
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 1854