Ingenuity
Ingenuity (ағылшыннан «өнертапқыштық» дегенді білдіреді) — Марста ұшу мүмкіндігін анықтауға арналған тікұшақ дроны.
Ingenuity | |
---|---|
Ұйымы | НАСА |
Басты мердігерлері | Jet Propulsion Laboratory |
Тапсырысы | Марста ұшу мүмкіндігін анықтау |
Ұшыру күн-айы | 2020 ж. 30 шілде (Марс-2020 миссиясы құрамында) |
Сөре көлігі | Atlas V-541 зымыраны |
Тапсырыс ұзақтығы | 2021 ж. 3 сәуірден бастап, 2024 ж. 25 қаңтарға дейін |
Торабы | Ресми сайты |
Массасы | 1,8 kg |
Қуаты | 220 W |
«Марс-2020» миссиясы бойынша Perseverance роверіне бекітілген тікұшақ 2021 жылдың 3 сәуірінде осы роверден бөлініп, Марс бетіне түсірілді.
2021 жылдың 19 сәуірінде Ingenuity басқа ғаламшарда ұшу әрекетін сәтті орындаған адамзаттың алғашқы ұшу аппараты болып шықты. Ол 3 метрге көтеріліп, Марс атмосферасында 30 секунд шамасындай қалқып тұрды да, өзі орналасқан Езеро кратеріне қонды.[1]
Тікұшақ дронның үстіңгі жағына Райт ағайындылар құрастырған тарихтағы алғашқы сәтті ұшқан ұшақтың қанат бөлігінің бір кесегі бекітілген.[2] Ал Марстағы алғашқы ұшу-қону аймағы олардың құрметіне енді Райт ағайындылар жазығы деп аталатын болды.[3]
Ingenuity миссиясы 2024 жылдың 25 қаңтарында аяқталды. Себебі — бір қалақшасыныӊ істен шығуы.
Винт жылдамдығы | 2400 айналым/минут |
Мах саны | <0,7 Мах |
Ұшу уақыты | 120 секундқа дейін |
Ұшу қашықтығы | 600 м |
Радио қашықтығы | 1000 м |
Макс. жылдамдық | көлденеңінен: 10 м/сек тігінен: 3 м/сек |
Батарея көлемі | 35-40 Вт⋅сағ |
Марстағы ұшулары
өңдеу№ | Күні | Ұшу уақыты | Көтерілуі | Қашықтығы | Видео |
---|---|---|---|---|---|
Аппараттың алғашқы бес ұшуы технологияны таныстыру мақсатымен көрсетілімдік деңгейде өтті.
2022 жылдың қазанына қарай Ingenuity Марста 33 рет ұшқан. Жалпы ұшып өткен қашықтығы 7,4 шақырымға тең.[4]
Аппарат миссиясы 2024 жылдың 25 қаңтарында аяқталды. Барлығы 72 ұшуы болды, жалпы ұшу уақыты — 2 сағат 8 минут 55 секунд.[5]
-
Винттердің айналуы
-
Бірінші ұшуы, 19.04.2021
-
Алғашқы ақ-қара фотосы, 19.04.2021
-
Ровер жақтан көрінісі, 25.04.2021
-
Өз көлеңкесін түсіргені, 25.04.2021
Дереккөздер
өңдеу- ↑ Mars Helicopter Tech Demo. Watch Online. NASA (18 сәуір 2021).
- ↑ NASA Ingenuity Mars Helicopter Prepares for First Flight, NASA (23 наурыз 2021).
- ↑ NASA's Ingenuity Mars Helicopter Succeeds in Historic First Flight. NASA (19 сәуір 2021).
- ↑ Flight Log Mars Helicopter Tech Demo. (2 қыркүйек 2021)
- ↑ After Three Years on Mars, NASA's Ingenuity Helicopter Mission Ends (25 қаңтар 2024).