IPO
IPO (ағылш. Initial Public Offering, көпшілікке бастапқы ұсыну) – қандай да бір компанияның акцияларын сату үшін көпшілікке бастапқы ұсынуы. Бұл ретте «бастапқы» сөзі компанияның өз акцияларын биржаға бірінші рет шығаратынын білдіреді.
Халықтық IPO
өңдеу«Халықтық» деген қосымша ІРО кезінде сату үшін шығарылатын акциялар бірінші кезекте эмитент-компаниялар операция жүргізетін мемлекеттің тұрғылықты халқына ұсынылатынын білдіреді. Әдетте, Халықтық ІРО кезінде сату үшін акцияларының толық немесе бақылау пакетін мемлекет иеленетін кәсіпорындар шығарылады.[1]
- Халықтық IPO - азаматтарға табысты кәсiпорындардың акцияларына ие болудан пайда алу мүмкiндiгi.
- Халықтық IPO - инвесторлардың санын көбейту және құнды қағаздар нарығын дамыту.
- Халықтық IPO - мемлекеттiк компанияларға қаржыларын өндiрiстi кеңейтуге және жаңартуға салу мүмкiндiгi.
Қазақстандағы Халықтық IPO
өңдеу«Халықтық IPО» — «Самұрық-Қазына» қорына кiретiн ұлттық компаниялардың акцияларын тұрғындар арасында орналастыру бағдарламасын дайындау туралы шешiм алғаш рет 2011 жылдың ақпан айында айтылды. Жыл бойы осы бағыттағы жұмыстарды белсендi түрде жүргiзу бойынша бiрқатар шаралар жүзеге асырылды.[2]
Халықтық IPO - әрбiр қазақстандыққа iрi мемлекеттiк компанияларды басқаруға қатысу және қызметiнен қосымша пайда табу мүмкiндiгi.
Халықтық IPO бағдарламасын жүзеге асыру қазақстандық қор биржасы (KASE) арқылы кезең-кезеңмен 2012-2015 жылдар аралығында жүзеге асырылады. Мемлекеттiк компаниялар акцияларының 5-тен 15-ке дейiнгi пайызы орналастырылатын болады. 2012 жылы «КазТрансОйл», «KEGOC» және «Air Astana» сияқты компаниялардың акциялары орналастырылуда. 2013 жылы «КазТрансГаз», «Казмортрансфлот» және «Самрук-Энерго», 2014 жылы «ҚазақстанТемiрЖолы» және «Казтемиртранс» компанияларының акциялары орналастырылады.
«Халықтық IPO» - капиталды көбейтудiң кепiлдiгi емес, мүмкiндiгi. Әрбiр сатып алушы ұлттық компаниялардың акцияларын сатып ала отырып, олардың иелерiнiң бiрi болады және стратегиялық шешiмдер қабылдау кезiнде дауыс беру құқығына ие. Iрi мемлекеттiк компаниялардың акцияларын сатып алған адам оларды одан әрi пайдалы сата алатын болады.
Сонымен қатар «Халықтық IPO» бағдарламасының негiзгi қатысушыларының бiрi жинақтаушы зейнетақы қорлары болады. Бағдарламаға зейнетақы қорларының қатысуы — қорларды оң бағытта дамыту мен инвестициялаудың қосымша мүмкiндiгi, сәйкесiнше, олардың қатысушылары — Қазақстан тұрғындарының да қосымша мүмкiндiктерi.