[go: up one dir, main page]

IMAX, Аймэкс (МФА: [ˈaɪmæks] - фильм форматын бейнелеу және Канадалық Корпорация - IMAX компаниясымен жүзеге асырылған киноны проектілеудің жеке стандарттарының жиынтығы. IMAX қарапайым фильм жүйелеріне қарағанда үлкен шамадағы алыс қашықтықтағы суреттерді жазу және көрсету үшін сыйымдырақ және оңтайлылау болып келеді. 2002 жылдан бері көркем фильмдер IMAX театрларының экраны үшін IMAX форматына айналдырылды(модернизацияландырылды) және кейінірек кейбірі біртіндеп IMAX-қа көшіріле бастады. IMAX – арнайы фильм көрсетілімдері үшін өте кең қолданылатын жүйе. 2011 жылдың қыркүйегіндегі мәліметтерге сәйкес, 48 мемлекетте 583 IMAX-театрлар бар екен.

Тарихы

өңдеу
 
Сан-Антониодегі River Centre сауда орталығындағы IMAX кинотеатры

Фильмнің визуалдық әсерін жоғарылату мақсаты тарихтың ұзақ беттерін қамтиды. 1929 жылы Fox ең алғашқы 70мм фильм форматын, Fox Grandeur-ді, ұсынды, алайда бұл қолданыстан тез шығып қалды. 1950 жылдары CinemaScope (1953) және VistaVision (1954) фильм бейнесін 35мм – ден кеңейтіп, Cinerama(1952) секілді келесі толқындағы мульти-проекторларды шығарды.

Таңғаларлығы, Cineramа-ның құрылуы қиын еді, және жапсарланып проектіленген суреттердің арасындағы тігістер көзге әлі де болса ұрып тұратын.

IMAX жүйесін Graeme Ferguson, Roman Kroitor, Robert Kerr, және William C.Shaw дамытты. Монреалдағы Expo 67 кезінде, Kroitor-дың In the Labyrinth және Ferguson-тың Man and the Polar Regions фильмдері екеуі де мульти-проектор, мульти-экран жүйелерін пайдаланды. Әрқайсысы, түптің түбінде, алғашында "Multiscreen" деп аталған, бастапқы мақсаты оңтайлылау тәсілді дамыту және проектілеу болған компанияны табуға алып келген техникалық қиындықтармен кездеседі. Олар ақыры біріккен жалғыз проектор/жалғыз камера жүйесін Shaw проектіледі және құрастырды, "Rolling Loop" романына негізделген транспорт-фильм технологиясы Австралияның өнертапқышы Ronald Jones-тен сатып алынды. Кейінірек, үлкен-экрандық бейне кіші-экрандық бейнеге қарағанда анағұрлым көп әсер беретіні анықталғанда, Multiscreen өз есімін IMAX-қа өзгертті.

Tiger Child IMAX-тың алғашқы фильмі Жапонияда Осакадағы Expo '70-те көрсетілді. Алғашқы тұрақты IMAX 1971 жылы Торонтода Онтарио жеріндегі Киносферада болды және ол әлі күнге дейін жұмыс істеп тұр. Спокандағы, Вашингтондағы Expo '74 кезінде 90 × 65 м (300 × 213 фут) ілінген өте үлкен IMAX экраны АҚШ Павильонында (эксподағы үлкенірек құрылым) көрсетілді. Экранды 5 млн-ға жуық тамашалаушылар көрген, экран көрермендердің жанарын тұтастай жауып, еріксіз алға тартқан. Бұл көптеген көрермендерде қимыл сезімін қалдырып, кейбіреулерде қимыл ауруларын қалдырды. IMAX 3D театры сонымен қатар Ескі Монреал Портындағы «Монреал Ғылым Орталығындағы» бұрынғы Expo 67 орнының маңайында орналасқан. Алғашқы тұрақты IMAX күмбез Eugene Heikoff және Marilyn Jacobs Heikoff-тың Reuben H. Fleet Ғылым орталығындағы театр күмбезінің тұрғызылуы 1973 жылы Сан Диегоның Balboa Паркінде ашылды. Алғашқы тұрақты IMAX 3D театры Ванкуверде салынды, Британ Колумбиясы Expo '86-ға өткізілуі үшін, және 2009 жылдың 30 қыркүйегіне дейін пайдаланылды. Ол Канада жерінің ең шеткі нүктесі, Ванкуверде орналасты. Аумағында 25-ке жуық IMAX театрлары орналасқан Қытай қазір АҚШ-тан кейінгі екінші үлкен нарық болып табылады, сондықтан IMAX-тың мақсаты – Қытайдағы көрермендердің бағалауын жоғалтып алмай, көптеп тарту.

Ойын-сауықтыру фильмдері

өңдеу
 
Аудитория 3D көзілдіріктер арқылы фильмді тамашалауда

IMAX форматы АҚШ-та дәстүрлі түрде маманданған арнайы бағдарламаларда қолданылады. IMAX фильмдерін көрсетудің және өндірудің шығыны және материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз етілуі IMAX фильмдерін стандартты фильмдерге қарағанда 40 минутқа жуық қысқартуға әкелді. Көптеген адамдар деректі фильмдер шығаруға талпынады, мұражайлар және ғылым орталықтары секілді орнатылған жерлерге қанағаттанады. IMAX камералары жерді айналған, Эверест шыңына өрмелеген, Атлант Мұхитының тұңғиығын зерттеген, Антарктиканы зерттеген.IMAX-тың Марс ғылыми зерттеуінің мүдірмей жүретін машиналарының табысы туралы деректі фильмі 2006 жылы жарыққа шықты, ол Roving Mars яғни, «Марстағы серуен» деп аталды және Марста жүретін машиналар туралы эксклюзивті деректер пайдаланылды.

IMAX форматында ойын-сауық көрсету талпынысы The Rolling Stones болды: 1990 Steel Wheels тобының гастрольдік сапары кезінде Live at the Max (1991) деп аталатын 85 минуттық концерттік компиляция әлемдегі ерекше жалғыз концерттің әсерін қалдыру үшін IMAX форматына айналдырылып көрсетілді.

1990 жылдары көптеген ойын-сауықтыруға арналған қысқаметражды шығарылды, әсіресе T-Rex: 1998 жылғы Back to the Cretaceous және 2001жылғы Haunted Castle фильмдері (екеуі де 3D форматтағы). 1995 жылы Француздық директор Jean-Jacques Annaud IMAX-қа алғашқы драмалық Wings of Courage кинокартинасын өңдеуге жіберді. 1998 және 1999 жылдары More and The Old Man және the Sea картиналары IMAX форматтағы алғашқы қысқаметражды фильмдер қатарына қосылды және екеуі де жүлделермен марапаттау академиясына (Academy Award ) ұсынылып, жүлдені жеңіп алды(қазіргі таңда Оскар жүлдесі тек қана IMAX форматтағы фильмдерге беріледі). 2000 жылы Disney бастапқыда эксклюзивті түрде IMAX форматта шығарылған алғашқы толық анимацияланған Fantasia 2000-ды шығарды.