CAPTCHA
CAPTCHA - ([ˈkæptʃə]; ағылш. Completely Automated Public Turing test to tell Computers and Humans Apart - толығымен автоматтандырылған адаммен компьютерді айырып тануға көпшілікке арналған тест Тьюринг) - адам мен компьютерді ажырата білу үшін жасалған компьютерлік тест. Карнеги - Меллон Университетінің тауар белгісі. Термин 2000 жылдары пайда болған. Тестің мақсаты: адам оңай шеше алатын, бірақ компьютерге қиынға соғатын, қатысушыға арналған есеп. Көбінесе есептер символдарды ажыратуға арналады.
CAPTCHA интернет-сервисті боттар қолдануын шектеу үшін қолданылады. Көбінесе автоматты хаттар жөнелту, тіркелгі жасау, файлды жүктеу, т.б. болдырму үшін қолданылады.
Іске асыру шаралары
өңдеу- Көп таралған CAPTCHA түрі қатысушыға берілген суреттегі символдарды енгізуін талап етеді.( ережеге сәйкес бұрмаланған, кедергілермен, бұлдыраған мәтіндер беріледі).
- Сирек жағдайларда CAPTCHA-ның сөйлемді тану түрі беріледі(негізінде көзі нашар көретін қатысушыларға арналған).
- Кей кездерде нашар алгоритмдік есептер де қолданылады. Мысалы, суретте не көрсетілгенін тану, суреттегі мысықтарды белгілеу, білімге байланысты оңай сұраққа жауап беру.
- Арифметикалық оңай есптерді шешуге арналған CAPTCHA түрі кездеседі.
- Сондай-ақ Video-CAPTCHA түрі кездеседі. Оның мақсаты жылжып тұрған фон мен символды ажырату болып келеді.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |