Дәрілік жөтелшай
Дәрілік жөтелшай (Әріпдәрі лат. Stachys officinalis, Betonica officinalis) – ерінгүлділер тұқымдасы, жөтелшай туысына жататын көп жылдық шөп тектес өсімдік.
Дәрілік жөтелшай | ||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||
Stachys officinalis (L.) Trevis. ex Briq. |
Ботаникалық сипаты
өңдеу- Көктемде тамырынан сағақтары ұзын бір топ жапырақ және саны бірден үшке дейін жететін сабақ өсіп шығады. Төрт қырлы, түзу, түк басқан сабақтарының ұзындығы 90 см-ге дейін барады.
- Жапырақтары сопақша келген, жұмыртқаға ұқсайды, шеттері ара тісті, сырттарында қысқа түктері бар.
- Гүлдері қоңыр қызыл түсті, олар жоғарғы жапырақтардың қуыстарында масақ тәрізденіп шоқтала орналасқан. Гүл жапырақтары бесеу, ерін тәрізді, жоғарғы "ерні" екі бөліктен, төменгісі үш бөліктен тұрады. Маусым айынан қыркүйек айына дейін гүлдейді.
Өсетін жері
өңдеуОрманды жерлерде, шабындықтарда, төбелерде, орман ішіндегі жолдардың жиектерінде өседі.
Құрамы, емдік қасиеті және қолданысы
өңдеуҚұрамында илік заттар, стахидрин, бетоницин, холин және басқа да алкалоидтар бар. Дәрілік мақсат үшін өсімдіктің жер бетіндегі бөлігін гүлдеген кезінде жинайды. Дәрілік жөтелшай халық медицинасында жоғарғы тыныс жолдары қабынғанда, құяң, бауыр, асқазан ауруларына қарсы қолданылады. Бұл өсімдіктен жасалған дәрілер қан қысымын төмендетеді, жүйкені тыныштандырады, денедегі зат алмасу процесін жақсартады. Бүйрек ауруларын және атеросклерозды емдеу үшін қолданылады. Бұдан басқа өсімдіктің қақырық түсіретін қасиеті бар. Кейбір елдерде ревматизмді, қояншықты, бронх демікпесін, бас ауруларын емдейді. Өкпеден қан кеткенде де ем үшін қолданылады.[1]
Дереккөздер
өңдеу- ↑ Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.