[go: up one dir, main page]

Мазмұнға өту

Пайдаланушының графикалық интерфейсі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(GUI бетінен бағытталды)

Пайдаланушының графикалық интерфейсі (ПГИ) (ағылш. Graphical user interface, GUI) — пайдаланушыға дисплейде графикалық сурет түрінде көрсетілген элементтердің (мәзір, батырмалар, белгішелер, тізімдер т.б.) алуан түрлілігі.

Командалық жолдың интерфейсіне қарағанда ПГИ барлық экрандық объектілерге кіру мүмкіндігін береді (еңгізу құрылғылары арқылы – пернетақта, тышқан, джойстик және т.б), және олармен тығыз қатынаста болып, олармен айла-шарғы жасатқызады. Көбінесе ПИ – дегі элементтер интерфейсі метафоралар негізінде құралған және олардың белгілері мен ерекшеліктерін көрсетіп тұрады. Сондықтан қарапайым дайындықсыз пайдаланушының түсінуін оңайлатады.

60 –шы жылдарда Даг Энгельбартомның Стэнфорд зертханалық институтындағы жұмыстары нәтижесінде ПГИ(пайдаланушының графикалық интерфейсі) ойлап табылды.

Одан кейін 70-шы жылдарда ПГИ концепциясы ғалымдардың шешуімен Xerox PARC зертханасында да қабылданды. 1973 жылы Xerox PARC зертханасында барлық жас ғалымдарды жинап, зерттеу еркіндігін берді. Нәтижесінде WIMP(Windows, Icons, Menus, Point-n-Click) графикалық интерфейс концепциясы жарық көреді. Осы концепция шеңберінде Alto компьютерлері дүниеге келеді. 1979 жылы Alto-ға ұқсас жұмыс істейтін PERQ станциясын ойлап табады. 1981 жылы Xerox PARC Alto-ның жалғасы Star-ды шығарады. ПГИ концепциясы Apple Computer корпорациясының өнімдерінде коммерциялы түрде іске асты десе болады. AmigaOS операциялық жүйесінде ПГИ өзінің көптапсырыстылығымен 1985 жылы қолданылды. Қазіргі таңда ПГИ нарықта қолданылып жүрген операциондық жүйелер мен қосымшалардың негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. ПГИ қолданатын жүйелер: : Mac OS, Solaris, GNU/Linux, Microsoft Windows, NeXTSTEP, OS/2, BeOS. ПГИ – дің көп қолданыста болуына қарамастан кейбір бағдарламалар ПГИ – ге аналог болып есептеледі. Операциондық жүйеге кіру алдыңдағы BIOS Setup баптауларын мысал ретінде келтірсе болады. ОЖ қажет етпейтін ПГИ – лер де баршылық.

Классификациялау

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • ПГИ – дің төмендегі түрлерін айқындап өтсек болады:
  1. Қарапайым: ПГИ – дің өз жүйесімен қамтамасыздандырылатын типтік экрандық формалар және стандартты интерфейс элементтері;
  2. Шынайы-графикалық, екі қалыпты: өзіндік әдістермен немесе қосымша кітапханалармен іске асқан оригинал метафоралар мен стандартты емес интерфейс элементтері;
  3. Үш қалыпты: қазіргі кезде өте аз классификацияланған.

Бағдарламалық жүйенің жақсы графикалық интерфейстерінің шарттарының бірі «мен не айтсам, соны істе» концепциясы немесе DWIM (ағылш. Do What I Mean). DWIM шарты жүйенің алдын ала болжауға болатындығы, Пайдаланушы алдын ала интуициямен бағдарламаның не істейтінің білуі керек.