Ондатр
Ондатр Қазбалық ауқымы: Recent | ||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||||
Ondatra zibethicus (Linnaeus, 1766) | ||||||||||||||||||||
Ареал (қызыл - байырғы, жасыл - жерсінген. Оңтүстік Америкадағы жерсінген жерлері көрсетілмеген.)
|
Ондатр (лат. Ondatra zibethicus) – кеміргіштер отрядына жататын терісі бағалы аң болып саналады. Қорек талғамайды, негізінен су өсімдіктерімен қоректенеді. Жылына 2 – 3 рет көбейіп, 25 – 30-ға дейін ұрпақ бере алады. Көктемде туған жас Ондатрлар шілде – тамыз айларында көбеюге қатыса береді. Олар – туляремия және паратиф ауруын таратушылар. Терісі үшін көп ауланады.[2]
Сипаттамасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дене тұрқы 35 см-дей, құйрығының ұзындығы 28 см-дей, салмағы 1,5 кг-дай. Құрлықта да, суда да тіршілік етеді. Мойны қысқа, артқы аяқтарында жүзу жарғақтары бар. Құйрығы ұзын, жүзген кезде денесін бағыттап отырады. Түгі қалың да тығыз, қою қоңыр кейде қара түсті. Ұйығу кезінде аталықтарының шап безінен мускус (жұпарзат) заты бөлінеді.
Мекені
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шыққан жері – Солтүстік Америка. Қазақстанға 1935 жылы әкелініп, Сырдария және Іле өзендерінің бойына (570-тей дарабасы) жіберілді. Қазір республиканың барлық өзен-көлдерінде 350 мыңдай Ондатр кездеседі (2005). Бұлар өзен жағасы биік болса, бұраңдата ін қазады, аласа, батпақты келсе, үйшік салады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Linzey, A.V. (2008). Ondatra zibethicus. In: IUCN 2008. IUCN Red List of Threatened Species. Downloaded on 10 Jule 2009. Database entry includes a brief justification of why this species is of least concern.
- ↑ Қазақ энциклопедиясы, 7 том 6 бөлім
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |