Нажаф
ан-Наджаф - Неджеф, Машхад-Әли, Мешхед-Әли - Иракта Куфадан батысқа қарай 10 шақырым жерде Қосөзен аңғары мен шөлдің шекарасында орналасқан қала.
Шииттер мұнда қажылыққа барып тұрады. Дәстүр бойынша Куфа маңында,кейінірек ан-Наджаф пайда болған жерде имам Әли б. Әбу Талиб жерленген. Омейя әулеті билік құрған кездерде қабір жатқан жерді
құпия сақтауға тура келгендіктен (кейін Әлидің зираты ретінде ан-Наджаф деп атады) әр түрлі жерлерді атап жүр. Аңызға сүйенсек, бейіт халифа Харун әр-Рашидтің (786 - 809) нұсқауы бойынша салынған.Ибн Хаукалдың мәліметі бойынша Мосул Хамдандық Әбу-л-Хайджа билік еткен тұста бейіт үстіне үлкен күмбез тұрғызылған, X ғасырдың аяғында оның үстіне кесене салынған. XIV ғасырдың басына қарай қалада сопылық ханака салынды. 1326 ж. ан-Наджафта жиһанкез ибн Баттута болып, ол туралы барынша нақты дәл сипаттама жазып қалдырды. Қазіргі ан-Наджаф шиит теологиясының,діни білімнің, діни-саяси әдебиеттер шығарудың, сондай-ақ шииттердің Әлидің қазасын еске алып, аруағына құрмет көрсететін
күндері сапар шегетін ірі орт. ордасы. Көне ан-Наджаф орталығында имамның «алтын мешіті» орналасқан.Ирандағы шаһқа қарсы қозғалыстың және діни төңкерістің басшысы Аятолла Рухаллах әл-Мұсауи әл-Хумайни (Рухолла Мусауи Хомейни) Ираннан жер аударылған,1964 ж. осында келіп, 1978 жылдың күзіне дейін тұрған.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — Ислам туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |