[go: up one dir, main page]

Мазмұнға өту

Ожау

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
05:52, 2021 ж. шілденің 1 кезіндегі Esen48 (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (Дереккөздер)
(айырма) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырма) | Жаңарақ нұсқа → (айырма)
Ожау

Ожауқымыз, айран, сүт, сусын құюға қолданылатын ыдыс. Шұңғыл бөліктен және қолға ұстауға ыңғайлы саптан тұрады. Ожау ағаштан, металдан жасалады.Ағаштан жасалған түрлері б.з.б. 2 ғасырымыздан бастап қолданыла бастаған. Археологиялық деректерге қарағанда, ожаудың ағаштан жасалған түрлерін Орталық Азия халықтары ерте темір дәуірінде-ақ қолдана бастаған. Металл ожау 16 – 19 ғасырларда кең тарады. Дәстүрлі қазақ қоғамында дастарханның шырайын келтіретін мүлік ретінде ерекше бағаланған. Оны қазақ шеберлері әр түрлі ағаштардан (тораңғы, емен, т.б.) ойып дайындаған. Кейде сабы ою-өрнектермен безендірілген. Ауқатты қазақтар сәндік бұйым есебінде ожауды алтынмен, күміспен қаптатып, кейде сабына асыл тас орнаттырған.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]