[go: up one dir, main page]

Мазмұнға өту

Рота

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ротамотоатқыштар, жаяу әскер, танк, әуе десанты, инженерлік автомобильдік байланыс, т.б. әскери бөлімше. Рота бірнеше взводтан құралады және ол батальон құрамына кіреді.

Рота пулеметі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Рота пулеметі (Ротный пулемет) — жақын және алыс қашықтықтағы (1000 м-ге дейін) топтанған және жекеленген маңызды нысаналарды жоюға арналған мотоатқыштар бөлімшесінің күшті атыс құралы. Пулеметтің ұрыстық ату жылдамдығы минутына 250-ге дейін жетеді.

Ротаның тірек пункті

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ротаның тірек пункті (Онорный пункт роты) — рота қорғап тұратын жер бөлігі. Ол батальонның қорғаныс ауданының бір белігі. Ротаның тірек пункті айналма қорғанысқа, әсіресе, қарсыластардың танкілеріне қарсы күрес жүргізу үшін дайындалады және мұқият бүркеледі. Ротаның тірек пункті взодтардың тірек пункттерінен және берілген құралдар позицияларынан тұрады.

Ротаның тірек пунктінің сызбасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ротаның тірек пунктінің сызбасы (Схема опорного пункта роты) — қорғаныста рота командирі жасайтын графикалық құжат. Онда: бағдар мен оларға дейінгі қашықтық, бақыланған қарсыластың жағдайы, взводтың тірек пунктері, олардың атыс жолақтары мен қосымша атыс секторлары, танкілер, сауытты транспортерлар, танкіге қарсы құралдар мен зеңбіректер, олардың негізгі және қосалқы атыс позициясындағы атқылау секторлары, рота мен әр взводтың атысты шоғырландыру учаскесі, бөгеністер, қорғаныс құрылымдары мен тасалар, рота командирінің орны көрсетіледі. Танкі ротасынын тірек пунктінің сызбасында мотоатқыштар бөлімшелерінің позициясы да көрсетіледі. Ротаның тірек пунктінің сызбасы масштабпен жасалады және белдеулерге бағдарланады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ , 2001 жыл