Лава

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Лава(итал. lava, лат. labes – опырылу, құлау) – жанартау әсерінен жер бетіне төгілетін отты-сұйық балқыма. Температурасы 690 – 1200°С аралығында өзгереді. Қышқылды (риолитті) және негізді Л-лар болып жіктеледі. Лава -жанартаулар әрекеті барысында жер бетіне төгілетін қызған сұйық не өте тұтқыр, көбіне силикаттық масса; лавалардың суынып қатаюы нәтижесінде эффузиялық, ал сығымдала көтерілген тұтқыр лавалар есебінен экструзиялық таужыныстар қалыптасады. Бұл таужыныстарда кеде лава деп аталады. Жер қойнауынан көтерілген лавалардың температурасы жүздеген градус, кейде мың градустан астам, лава температурасының нақты мөлшері оның химиялық құрамы мен өзі кіріктіретін газ мөлшеріне тікелей байланысты. Жер бетіне жетіп төгілген лавалар құрам және пішін ерекшеліктеріне орай бірнеше түрлерге бөлінеді. 2) Көлбеу бағытта жасалатын қазынды, мұндай тау- кен қазындыларының ұзындығы кенор- нының геологиялық жағдайына жоне осы кенді өндірудің алдын ала жасалған жүйесіне тәуелді бола отырып, 25—30 м-ден 200 м-ге шейін жетуі мүмкін.

Лава ағымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Лаваның жер бетінде біршама ұзын да енсіз денелер түрінде таралу пішіні; Л.а-ның ұзындық және ендік көрсеткіштері лава тұтқырлығы мен жанартау баурайының еңістігіне тәуелді. Жалпылама заңдылық: кышқыл құрамды лавалардың ағымы әдетте қысқа болып келеді (1—10 км), бірақ олар біршама қалың массалар құрайды (25—30 м- ге шейін); керісінше, негізді құрамды базальт лавалары әдетте ұзақ қашықтыктарға сағаланады (ондаған, тіпті жүз километрге шейін).

Лава брекчиялар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Кесектері мен түйірлері де, оларды жымдастырушы масса да лавалық материалдардан тұратын брекчиялар.

Лава жамылғысы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Лаваның төгілу өңірінен жан-жаққа бірдей шамада жайыла таралуы; көбіне жарықтар арқылы төгілген біршама сұйық базальт лавалары есебінен қалыптасады.

Лава көпіршіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қатайған лаваларда ұшырасатын домалақ, цилиндр немесе линза пішінді, кейде бұрыс пішінді кеуектер жиынтығы; лаваның суынып қатаюы барысында газ кептеген қуыстар есебінен пайда болады.

Лава оқпандары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Лава ағымдары арасынан ұшырасатын, ұзыннан-ұзақ созыла сағаланатын дәліздерге ұқсас қуыстар; жабын және табан жазықтықтары әдетте жанартау таужыныстарынан тұратын тасқадаға және тас сүңгіге ұқсас пішіндерге толы болып келеді. Лава оқпандары әдетте кертпештеле еңістелген жанартау баурайлары бетімен дүркін-дүркін қозғалған газы аз сұйық лавалар есебінен қалыптасатын болса керек.

Лавалы жанартау

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Көпшілігінде қалқан тәрізді жанартау. Ол негізінен лавадан тұрады, көж бен қопсық өнімдер аз кездеседі (эксплозиялық коэффициенті Е < 10). Мұндай жанартаулардың атқылауы жарылыссыз баяу жүреді, көп мөлшерде лава төгіледі. Синонимі: эффузиялық жанартау тасқынынан тұратын жанартау конусы. Л.к. пирокласт қабатшаларынсыз болады, сирек кездеседі. [1][2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы Ж А Қ 2003. — 248 бет. ISВN 5-7667-8188-1, ISВN 9965-16-512-2
  2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5